«Бәріне біреу» қызметін қолдану шарттары

  1. Тарифіне қосылуға мүмкіндік беретін тұлға – Басшы, оны алатын тұлға – Қатысушы, бірге – Топ деп аталады.
  2. Басшының тарифіне қосылу үшін, оның шақыруын «Менің Beeline-ым» қосымшасында, beeline.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе  SMS арқылы қабылдау керек. 
  3. Шақыруды қабылдаған соң, Қатысушының тариф жоспары абоненттік төлемі жоқ «Қарапайым» тарифіне ауысады да, Қатысушы Басшының тарифіндегі интернетке, минуттар мен SMS-ке (егер олар болса) қол жеткізеді. 
  4. Бұрынғы тариф топтамаларының пайдаланылмаған қалдығы сақталады. 
  5. Басшы Қатысушының қоңырауларынsң есешотын, ал Қатысушы Басшының қоңырауларының есепшотын көре алмайды
  6. Басшының тарифінің абоненттік төлемі мен «Бәріне біреу» қызметінің ақысы ұсталса ғана Қатысушы ортақ топтамаға қосыла алады. Басшының тарифіндегі топтамалардың қалдығын beeline.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе *106# пәрмені арқылы тексеруге болады. 
  7. Егер Басшының тарифінің абоненттік төлемі мен «Бәріне біреу» қызметінің ақысы ұсталмаса, Қатысушы өз теңгеріміндегі қаражатты жұмсайды. 
  8. Қызметтің шарттары бойынша Басшы Қатысушыны кез келген уақытта өз тарифінен шығара алады. 
  9. Қатысушы да кез келген уақытта «Менің Beeline-ым» қосымшасы, Жеке кабинет арқылы Басшының тарифінен шыға алады. 
  10. Егер Қатысушыға басқа тарифке ауысу керек болса, алдымен «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе Жеке кабинетте Басшының тарифінен шығу керек.
  11. Басшының тарифінен шыққан соң, Қатысушы абоненттік төлемі жоқ «Қарапайым» тарифінде қалады. Қолайлы тарифті сілтеме арқылы таңдауға болады: https://tariff.beeline.kz Қатысушы Басшының теңгеріміндегі қаражатты пайдалана алмайды.