Шексіз интернет


ТМД, Грузия және Украина елдерінде 690 тг күніне,,
Алыс шетелде 990 тг күніне.

ОДАН АСПАЙДЫ!

Қосудың қажеті жоқ. Интернетке шықсаң болды, шексіз интернет қосылады.

Алғашқы 100 МБ жоғары жылдамдықпен беріледі, ары қарай күннің соңына дейін 128 Кбит/сек. Бұл жылдамдық WhatsApp-а, пошта мен Google картаға жетеді.

Трафикті тексеру  *114#

 

Қоңырау шалу

ТМД, Грузия және Украина елдерінде 10 минуттық топтама 690 тг күніне. Топтаманың сыртында – 69 тг/мин.

Алыс шетелде 5 минуттық топтама 990 тг күніне. Топтаманың сыртында – 199 тг/мин.

Топтама кез келген қоңыраумен қосылады. Минуттар ҚР мен барған еліңіздің кіріс/шығыс қоңырауларына жұмсалады.

Шексіз интернет пен минуттар топтамасы қашан жойылады?

Шексіз интернет пен минуттар Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 24:00-ге дейін беріледі.

Келесі күні шексіз интернет пен минуттардың жаңа топтамасы қайта беріледі. Егер байланысты қолданбасаңыз, ақша ұсталмайды.

SMS және басқа қызмет қанша тұрады?

ТМД, Грузия, Украина елдерінде - 69 тг/SMS.
Алыс шетелде - 99 тг/SMS.
Келген барлық SMS тегін.

Халықаралық бағытқа қоңырау шалу - 1050тг/мин.

Қай елдерде әрекет етеді?

ТМД, Грузия және Украина
Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина.
Қырымда жеңілдік шарттары жоқ.

Алыс шетел
Австралия, Австрия, Албания, Алжир, Аргентина, Бангладеш, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Гонконг, Греция, Дания, Египет, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Камбоджа, Канада, Катар, Кипр, Қытай, Латвия, Литва, Люксембург, Макао, Македония, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Моңғолия, Мьянма, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Пәкістан, Польша, Португалия, Румыния, Сауд Арабиясы, Сенегал, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Тайвань, Таиланд, Танзания, Түркия, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, ОАР, Оңтүстік Корея, Жапония.

Теңіз және әуе кемелерінде, жерсерік желілерінде басқа тариф әрекет етеді: қоңырау шалу - 1050тг/мин, SMS – 120тг/дана, Интернет – 4200 тг/МБ.

Ұшу кезінде интернетті шексіз пайдалану үшін 4000 теңгеге «Биіктегі оnline» қызметін қос.

Интернет жылдамдығын қалай арттыруға болады?

Пәрменді тер де, 290 теңгеге күннің соңына дейін ең жоғары жылдамдықпен тағы 50 МБ ал:

ТМД, Грузия және Украина елдерінде *120*1#

Алыс шетелде *120*2#

Шексіз интернет пен минуттар топтамасы жетпейтін болса, не істеу керек?

Қоңырау шалу құны 300 тг/мин, Интернет 50 тг/МБ болады.

Шотыңызда нөл болса да, теңгерімді «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы немесе сайттың төлеу парақшасында толтыр. Трафик бүкіл әлемде тегін.

Басқа елдердегі тарифтер қандай?

Аса таныла қоймаған елдерде, жергілікті операторлардың бағасы қымбат болғандықтан, қымбат тарифтер әрекет етеді:

Қоңырау шалу – 1050тг/мин, SMS – 120тг/дана, Интернет – 4200 тг/МБ