Ақылы жолдардың ақысын мобилді теңгерімнен төлеу үшін теңгерімді толтыру және тексеру

Енді Қазақстандағы ақылы жолдар алдыңда ашық жатыр – төлемді смартфоннан әпсәтте төлеуге болады.

Ақылы жолдардың ақысын төлеу үшін, МТНБ (мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісін) KazDriver (iOS/Android) қосымшасы арқылы тірке.

Содан соң, кез келген уақытта теңгеріміңді тексер немесе оны *505# пәрменін теріп, МТНБ енгізу арқылы толтыр. Пәрменді терген соң ашылған терезеде қажет операцияны таңда.

 

Шотты тексеру және толтыру мәзірін ашу пәрменінің үлгісі:

*505*1*ХХХzzzYY# (Х – МТНБ-ң цифрлы құрамы, z - МТНБ-ң, әріптер құрамы YY – аймақ коды) – шотты тексеру үшін;

*505*2*ХХХzzzYY*сумма# (Х – МТНБ-ң цифрлы құрамы, z - МТНБ-ң, әріптер құрамы YY – аймақ коды) – шотты толтыру үшін.

 

Кезекке уақыт құртуды және ақылы жолға шығу үшін нақты ақша алып жүру қажеттілігін ұмыт!