Алматы, Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларында Beeline базалық станцияларының аккумуляторлары көп ұрлануда

17 шілде 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. 2018 жылдың басынан бері Қазақстанның тоғыз өңірінде Beeline-ның 100-ден астам базалық станциясы тоналды. Көбінесе зиянкестердің көздейтіні бағалы аккумулятор батареялары. Ұрлықтың келген зиян шамамен 80 миллион теңге.

Маусым айында Қарағанды облысында қаскүнемдер ізі суымай қолға түсті. Beeline мен полиция қызметкерлері бірігіп, ортақ операция өткізді, нәтижесінде, күдікті үш адам мінген ақ түсті Лада Приора Шахтинск қаласына кіре беріс жерде ұсталды. Көлік бортында Beeline-ға тиесілі 12 АКБ бар екен. Аккумулятор батарясын ұрлауға қатысты тұлғалар заң алдында жауап береді.

«Beeline байланыс қызметін үздіксіз ұсыну жауапкершілігін, әсіресе  біздің желі байланыстың жалғыз мүмкіндігі болып тұрған жерлердегі жауапкершілікті түсінеді және ҚР азаматтарына қоңырау шалу мүмкіндігін, соның ішінде полицияның, жедел жәрдемнің және т.с.с. шұғыл байланыс нөмірлеріне қоңырау шалу мүмкіндігін немесе Интернетке шығу мүмкіндігін ұсынады. Осы міндеттерді атқару үшін және әртүрлі құқыққа қайшы әрекеттердің байланысқа әсерінің алдын алу үшін, біз құқық қорғау органдарымен бірге жұмыс істейміз, тәжірибе көрсеткендей, бұл оң нәтиже береді. Сонымен қатар, азаматтарды қырағылық танытып, компаниямыздың антенналы-діңгекті құрылысы орнатылған аумақтардағы күдікті іс-әрекеттер туралы Beeline-ға немесе құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз», деп Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков пікір білдірді.

Байланыстың базалық станцияларын тонайтын қылмыскерлердің заңға қайшы әрекеттері заңға бағынушы абоненттерді байланыссыз қалдырады. Компания құқық қорғау органдарымен бірге жұмыс істей отырып, алдағы уақытта ұрлықты мейлінше азайтамыз деп санайды. 

Ұрлықтың ең көп тіркелген жері Алматы облысы. Ол жақта қаскүнемдер бір жарым жылда 48 базалық станцияны тонаған. Екінші және үшінші орындарда сәйкесінше Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалалары. Жалпы алғанда мыңға жуық аккумулятор батареясы ұрланған.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz