Beeline тіркелмеген абоненттердің бұғатталатынын ескертеді

29 сәуір 2019 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline абоненттерге құрылғыларының тіркелгенін тексеру қажеттілігі туралы ескертеді. Оны ұялы байланыс операторының ресми ресурсында, сондай-ақ СКДҚ-да (сәйкестендіру кодтарының мемлекеттік деркқоры) тексеруге болады. Дерекқордағы дерекке сәйкес келмейтін немесе онда мүлде жоқ барлық құрылғы, заң бойынша, бұғатталады.

Абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу туралы ереже 2019 жылы 1 қаңтарда күшіне енген. Ереже бойынша, тіркеуден өткен құрылғылары бар абоненттер ғана байланыс қызметін пайдалана алады. Телефонның, планшет, сағат және SIM-карта салынатын басқа да гаджеттің IMEI-коды иесіне тіркелуі тиіс.

«Beeline ұялы байланыс операторларының арасында бірінші болып, абоненттерге тіркеу қажеттілігі туралы ескерте бастады.  Бұл – заң талабы. Тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдету үшін, барлық жағдайды жасадық. Тіпті қазірдің өзінде, яғни бұғаттау басталған сәтте де, тіркеу көп уақыт қажет етпейді және клиенттеріміз үшін мейлінше жеңілдетілген», дейді Beeline Қазақстанның Коммерциялық директоры м.а. Максим Цвыков.

Нөмірдің кімге тіркелгенін тексеру үшін, *835# пәрменін теру қажет. Құрылғының тіркелгенін ресми ресурстарда тексеруге болады.

СКДҚ мемлекеттік сайты: http://imei.rfs.gov.kz/

Beeline-ның тіркеуді тексеру парақшасы: http://imei.beeline.kz/

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz