Beeline музыка, кітап және телевизия сервистеріне қосылу мүмкіндігін жеңілдетеді

22 мамыр 2017 ж., Beeline көңіл көтерер сервистерге қосылу мүмкіндігін жеңілдетеді. Жаңа ұсыныстың арқасында ұялы байланыс операторының клиенттері лицензиялық музыкаларға, киноларға және кітаптарға шексіз қол жеткізе алады.

Ресейдегі және ТМД-дағы ең үлкен музыка Сервисімен серіктес болу Beeline клиенттері үшін үлкен оқиға болады. Енді сапалы дыбысты бағалайтындар трафикті қолданғаны үшін еш ақы төлемей, 35 миллионнан астам бірегей шығарманы тыңдай алады. Бұдан бөлек, Beeline клиенттері бір ай тегін сынап көру мүмкіндігіне ие болады.

Электронды кітап пен аудиокітаптың ТМД-дағы ірі агрегаторы әрі дистрибьюторы – ЛитРес «Билайн Кітаптар» сервисінің серіктесі болды, бұл Beeline клиенттеріне жаңа кітаптардың үлкен тізілімін ұсынуға және сервисті бір апта тегін қолдану мүмкіндігін ұсынуға ықпал етеді. BeeTV қосымшасындағы телевизия арналарының, фильмдер мен телехикаялардың бай топтамасы ұялы байланыс операторы абоненттеріне одан да көп қуаныш сыйлайды. Кез келген жан 30 күнге дейінгі сынақ мерзімін тегін қолдана алады.

«Beeline өз абоненттеріне арналған қызметтер шоғырын тұрақты кеңейтіп отырады. Ұялы байланыс операторының клиенттеріне арналған жаңа мультимедиялық қосымша – осы бағыттағы ірі және маңызды қадам. Біріншіден, бұл таңдау еркіндігі. Клиенттеріміз өз қызығушылығына сай келесі басымдықтарды өздері таңдайды, олар: музыка, кино және телевизия немесе әдебиет. Екіншіден, бұл қол жетімділік, сервистерді қолдануға кеткен трафик есептелмейді, алы жазылу құнын мобильді теңгерімнен төлеуге болады. Жинап келгенде, осының бәрі клиенттеріміздің сапалы, қолдануға ыңғайлы, лицензиялық сервис алуына жағдай жасайды», - деп Beeline Қазақстанның Жалпы нарықты дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Евгений Настрадин нық сенім білдірді.

Ұсыныс «Бәрі», «Қалайсың+» және «Premium» тарифтік жоспарларында әрекет етеді. Қызметтерді қосу туралы толық ақпаратты «Менің Beeline-ым» қосымшасынан және Beeline.kz ресми сайтынан білуге болады.