"Ұтымды Микс" пакеттеріне қосылу мерзімінің өзгеруі

Beeline-ның "Ұтымды Микс" пакеттеріне қосылу мерзімдерінің өзгеруі жайлы хабардар етеміз - жаңа тарифтік желінің шығуына байланысты, қосылу мерзімі 2017 жылғы 23 сәуірге дейін қолжетімді болады. Бұл ретте "Ұтымды Микс" пакеттеріне 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2017 жылғы 23 сәуірге дейін қосылған клиенттер пакеттерді қосылу кезіндегі шарттармен пайдалана береді, яғни абоненттік төлем көлемі, Үйдегі Интернет жылдамдығы, BeeTV арналарының саны өзгеріссіз қалады.

2017 жылғы 24 сәуірден бастап клиенттер бұрынғы тарифтік желілер, бұрынғы коммерциялық шарттар бойынша SIM-карталар санын, Үйдегі Интернет жылдамдығын, BeeTV арналарының санын өзгерте алмайды, сондай-ақ  пакеттерге қандай да басқа өзгерістер енгізе алмайды.

Егер 2017 жылғы 23 сәуірден кейін "Ұтымды микс" пакетіне қандай да өзгерістер енгізгіңіз (SIM-карталар санын, Үйдегі Интернет жылдамдығын, BeeTV арналарынының санын өзгерткіңіз және пакеттерге қандай да басқа өзгерістер енгізгіңіз) келген жағдайда, тарифтеме "Ұтымды Микс" жаңа тарифтік желісінің бағаларына сәйкес қолданылады. Бұл ретте "Ұтымды Микстің" бұрынғы тарифтік желісінен жаңасына ауысу құны тегін болады.

Жаңартылған тарифтік желімен 2017 жылғы 24 сәуірде mix.beeline.kz сайтында танысуыңызға болады.

Бізбен бірге болғаныңыз үшін рақмет! :)