Beeline клиенттері мобильді теңгерімдегі ақшасын «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінде ала алады

3 наурыз 2017 ж., Астана қ. Beeline Қазақстан мобильді телефон теңгеріміндегі ақшаны Қазақстанның барлық жеріндегі «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы алуға болатынын жариялайды. 

«Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде Beeline мобильді теңгерімінен ақша алу үшін:

1. «Қазпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып, нақты ақшаны алу операциясын жүргізу үшін Операторға жолығу керек.

2. Жеке куәлікті көрсетіп, мобильді теңгерімінен ақша алғыңыз келген телефон нөмірін айтуыңыз қажет.

3. Ақша алынатын Абоненттің телефон нөміріне 2020 қысқа нөмірінен келетін растау кодын алуыңыз керек (растау коды бар хабарламада операцияның комиссиясы көрсетіледі).

4. Растау коды мен алғыңыз келетін соманы «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің Операторына айтыңыз.

5. Оператор растау кодын тексерген соң, нақты ақшаңызды алыңыз.

Алуға болатын ең аз сома 1 000 теңге, тәулігіне алуға болатын ең көп сома 100 000 теңге. Қызмет үшін ұсталатын комиссия 2,2% (ең азы 150 теңге).

Туғандарыңыз бен достарыңызға ақша аудару үшін мобильді телефоныңыздың теңгерімін пайдаланыңыз! Мобильді телефон теңгерімін әпсәтте толтыруға болады, бұл «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде ақшаны шұғыл алуға мүмкіндік береді.