Beeline клиенттері Яндекс.Плюс жазылымын телефон шотынан төлеу мүмкіндігіне ие болды

4 шілде 2019 ж., Алматы қ. Beeline Қазақстан мен Яндекс бірігіп, Яндекс.Плюс жазылымын мобильді телефон теңгерімінен төлу мүмкіндігін ұсынады.

Яндекс.Плюс – Яндекс сервистерінің бірыңғай жазылымы, оған:

  • Яндекс.Музыканың барлық функционалы – кез келген тректі телефонға жүктеп, жоғары сапада тыңдау;
  • Яндекс.Таксиде «Комфорт» және «Бизнес» тарифтерімен жүргендегі тұрақты 10% жеңілдік;
  • Мыңдаған фильм мен телехикаяны, соның ішінде бірегей премьераларды КиноПоисктің десктоп нұсқасында жарнамасыз көру мүмкіндігі;
  • Яндекс.Дисктегі қосымша 10 гигабайт пен кез келген тарифпен орын сатып алғанда берілетін 30% жеңілдік кіреді.

 

«Қазақстан халқының қатарында және және клиенттеріміздің арасында Яндекс сервистерін қолданушылар мен клиенттер өте көп. Сол себепті танымал Яндекс.Музыка, Яндекс.Такси және Яндекс.Диск сервистерін Beeline-мен біріктіріп, ұнамды бонустар қосуды ұйғардық. Нәтижесінде, Яндекс.Плюс жазылымын телефон теңгерімінен төлеген клиенттеріміз 90 күндік сынақ мерзіміне қол жеткізеді. Бұл ұсыныс қазіргі клиенттеріміздің көңілінен шығып, жаңа жазылушыларды тартатынына сенімдімін», - деп Beeline Қазақстанның маркетинг директоры міндетін атқарушы Максим Цвыков пікір білдірді.

Яндекс.Плюске жазылу пәрмені: *672*3#. Сынақ мерзімі (90 күн) аяқталған соң, ай сайынғы ұсталым 849 теңгені құрайды. Қызметті Beeline-ның алдын ала төлем жүйесіне қосылған абоненттер пайдалана алады. Толық ақпарат келесі сайттарда: www.beeline.kz plus.yandex.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz