Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында Beeline желісінің жаңартылуы трафик тұтыну көлемінің артуына себеп болды

11 мамыр 2020 ж., Алматы қаласы. Beeline Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында 10 базалық станцияны пайдалануға енгізді. Нәтижесінде 39 416 адам сапалы LTE желісіне қол жеткізді. Трафик тұтыну көрсеткіші екі есе артты. 

Ауылда Beeline бұрыннан бар. Абоненттерді байланыспен қамтамасыз ету үшін, оператор желіні бірге пайдалану шарты бойынша серіктес-оператордың қуатын пайдаланған болатын. Енді, клиенттерді Beeline жабдығына көшірген соң, жылдамдықты айтарлықтай арттырып, таралу аумағын кеңейтті де, нәтижесінде ол 19 300 км² құрады.  

«Абоненттеріміздің жылдамдығы жоғары әрі сапасы жақсы интернетке сұранысы бар екенін түсінетінбіз. Шерингтен шыққанның арқасында, трафикті 3G желісінен 4G желісіне көшіріп қана қоймай, сонымен қатар сигналдың сапасы мен таралымын айтарлықтай арттырдық. Қалада біздің желі ашылған соң, трафик тұтыну көрсеткіші біршама артты. Ауыл тұрғындары осы үдерісті нығайта түседі деп ойлаймыз, себебі олар енді сигналдың төмен деңгейі түрінде интернетті шексіз пайдалана алады», - деді Алматы қаласындағы филиалдың Техникалық қызмет жетекшісі Николай Быковских. 

Желіні ауқымды түрлендіру жобасын Beeline 2019 жылдан бері жүргізіп келеді. Ол, қалаларда «ақ нүкте» қалдырмай, жылдамдығы жоғары интернеттпен қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында, желінің таралымын толық талдауды көздейді. Көптеген нысандағы қондырғыны ауыстыру – мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейлеріне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартында жұмыс істеуге жылдам көшіруге жағдай жасайды. 

Қазір Beeline байланысын Қазақстанның 5700-ден астам қаласы мен елді мекенінде пайдалануға болады. Бұл – халықтың 98%-ы, оның 70%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылды. Компания Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің бірі және қызметкерлерді материалды әрі уәждемелік қолдайтын ауқымды бағдарламасы бар сенімді жұмыс беруші. 
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz