Қызылорда тұрғыны лотерея ақысын мобильді теңгерімнен төлеп, автокөлік ұтты

13 мамыр 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан Қазақстан Республикасындағы Бірыңғай лотерея операторы Сәтті Жұлдыз АҚ-мен серіктесе отырып, Lada Granta автокөлігі ұтысқа тігілген ортақ акцияның қорытындысын шығарды. 
Автокөлік ұтысы Сәтті Жұлдыз АҚ Бірыңғай лотерея операторының Instagram-аккаунтындағы тікелей эфирде өтті. Жеңміпаз – Қызылорда қаласының тұрғыны. Есімі Назерке, ол телефон теңгерімінен төлеп, лотереяның бір ғана билетін алған. Лотерея билетін szhuldyz.kz сайтында «Beeline теңгерімінен төлеу» амал-шартын таңдай отырып немесе 9087 нөміріне Telebingo мәтіні жазылған SMS жіберу арқылы сатып алу мүмкіндігі  болғанын естеріңізге саламыз, бұл ретте билет құны теңгерімнен ұсталды. 
Акция туралы Beeline Қазақстанның Цифрлы қаржы сервистері қызметінің директоры Сергей Головань былай пікір білдірді: «Бірыңғай лотерея операторының ресми серіктесі ретінде, клиенттерімізге үйден шықпай-ақ бақытын сынап көру мүмкіндігін ұсындық. Телефон теңгерімінен төлеген ыңғайлы ғана емес, қауіпсіз де ғой. Ал сәттілік, осы акция жеңімпазына серік болған сияқты, міндетті түрде барлық жанға жолдас болады – ол Қызылордадан небәрі бір-ақ билет сатып алып, автокөлік ұтты. Бақытты жанды ұтысымен құттықтаймын!». 
«Менің басты мақсатым – мейлінше көп қазақстандықты байыту. Еліміз үшін осы бір қиын кезеңде қомақты ақшалай жүлделер мен автокөлік ұтысын жалғастырып жатқанымыз үшін қуаныштымыз. Менің білуімше, автокөлік ұтқан қыз лотереяны алғаш рет ойнап отыр екен. Бұл – ұтыстарымызда сәттілік барлық жанға серік болуы мүмкін екенін тағы да дәлелдей түседі», - деді «Сәтті Жұлдыз» АҚ президенті Александр Тен.
Beeline Қазақстан өткізетін барлық акция, ұтыс және байқау компанияның ресми ресурстарында жарияланған. Толық ақпарат: www.beeline.kz
 

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz