Жылы жүрек қозғалысының еріктілері Beeline-да донор акциясын ұйымдастырды

25 маусым 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан қызметкерлері дәстүрлі донор акциясына қатысты. Екі жүзге жуық адам Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында қан тапсырды. Акция аймақтық қан тапсыру орталықтарының қолдауымен өтті.

Жылы жүрек корпоративтік қозғалысы еріктілерінің бастамасы жарты жыл сайын өтіп тұрады. Beeline қызметкерлерін қолдап, акцияға жұмыс уақытында да қатысуға ерік беруде. Одан бөлек, заңнама нормаларына сай, қан тапсырған әрбір жан қосымша демалыс күндерін алады.

«Beeline корпоративтік жігер мен берік, ынтымағы жоғары команданың үлгісі. Соның арқасында еріктілеріміздің барлық бастамасы басшылардан қолдау тауып, жыл сайын қатысушы қызметкерлер саны артып келеді. Донор күнінен бөлек, Жылы жүрек еріктілері киім-кешек жинау акцияларын өткізіп тұрады, зейнеткерлер мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жәрдем беріп, балалар мекемелерімен жұмыс істейді.  Әдеттегідей, Қазақстанның бизнес қауымдастығын Beeline-нан үлгі алуға және компаниясына осы тәрізді бастамаларды енгізуге шақырамыз», деп Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь пікір білдірді.

ҚР-ның, қан тапсыру талаптарына сай кез келген азаматы донор бола алады. Қан күнделікті 9:00-ден 13:00-ге дейін алынады. Аймақтық қан тапсыру орталықтарының мекенжайын электронды үкімет сайтынан білуге болады: http://egov.kz/cms/ru/articles/2Fkak_stat_donorom

Beeline Қазақстанның корпоративтік еріктілер бағдарламасы 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде оның ұяшықтары компаниямыздың барлық филиалында қызмет істеп тұр. Шамамен 1000-ға жуық қызметкер өз уақытын, тәжірибесі мен білімін сала отырып, еріктілер жобаларына белсене қатысуда. Көптеген акциялар «Жылы жүрек» бағдарламасының аясында тұрақты түрде өтіп келеді. Еріктілер Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне және Білім күніне орай өткізілген қайырымдылық жобаларына жұмылдырылған, сонымен қатар Қазақстанның барлық аумағында ағаш отырғызуға, сенбіліктерге, әртүрлі әлеуметтік нысандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бұйымдарды жинауға атсалысуда. 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz