Тарифтер

Ұтымды одақ 90
  • 100 Мбит/с дейін
  • Үйдегі TV-ге арналған 90 арна
айына
4 690 теңге
Толығырақ
Ұтымды одақ 100+
  • 100 Мбит/с дейін
  • Үйдегі TV-ге арналған 143 арна
айына
5 190 теңге
Толығырақ
Ұтымды одақ MAX HD
  • 100 Мбит/с дейін
  • Үйдегі TV-ге арналған 159 арна
айына
5 390 теңге
Толығырақ

TV-ге арналған қосымша қызметтер

Жаңа абоненттерге роутерді жалға алу 300 тг/айына

Приставканы жалға алу

айына 690 тг

Әлемнің 100-ден астам үздік сериялдары

айына 890 тг

6000-нан астам фильмдер

айына 690 тг

SmartTV-ге қалай қосылуға болады

    1. Үйдегі Интернет TV қызметін қосу үшін Beeline «Үйдегі Интернет» абоненті болу керек. Теледидарыңыз 2013-2019 жж. шығарылған Smart TV Samsung немесе LG үлгілері болуы және интернетке қосылып тұруы тиіс;
    2. Егер теледидарыңыз SmartTV-ді қолдамаса, арнайы ТV құрылғыны жалға алуға болады;
    3. tvinternet.beeline.kz сайтынан тарифтік жоспарлардың бірін таңдаңыз;
    4. Қосылу жөнінде өтінім қалдырыңыз;
    5. Бір күннің ішінде біздің маманымыз Сізге хабарласып, монтаждық бригаданың келетін күнін келіседі;
    6. Тарифтік жоспарды ауыстырған соң, егер теледидарыңыз Smart TV Samsung немесе LG үлгілері болмаса, «Үйдегі Интернет TV» қосымшасын жүктеп алыңыз. 
    7. Үйдегі Интернет қызметінің жеке кабинетінің логині мен құпия сөзін теріңіз (құпия сөзді ұмытып кетсеңіз, оны Жеке кабинетте өзгертуге болады).
    8. Құттықтаймыз, Үйдегі Интернет TV қызметінің пайдаланушысы болдыңыз!

    «Үйдегі Интернет TV пайдаланушылары бөлек келісімшарт жасамай қоғамдық орындарда (ұшақтар, пойыздар, видеосалондар, мейрамханалар, барлар, қонақүйлер және т.б.) прокатқа шығару арқылы контентті қолдануға құқылы емес. Бұл ретте ақырғы пайдаланушылар сервисті қолданғаны үшін жауапкершілікті жекелей көтереді».

    Қызмет қандай Smart TV теледидарларда жұмыс істейді?

    1. Smart TV Samsung – 2013-2019 жылдары шыққан. Samsung SmartTV тіркелгісің жасау үшін осы нұсқаны жүктеңіз.   

    2. Netcast, WebOS жүйесілер негізіндегі LG Smart TV теледидарларында. 2019 жылға дейін шыққан үлгілер.

    Қызметті өшіру үшін, cізге Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау соғу керек немесе Beeline кеңсесіне келіп, қызмет шартын бұзуға өтініш жазу керек.

Қате: «Сигнал жоқ» жазбасы немесе жай қара/көк экран пайда болады.

Қалай түзету:

1. Шоғырсымды желіден немесе тв-құрылғының өзінен 5 минутқа суырып алып, қайта қосу арқылы тв-құрылғыны өшіріп-қосыңыз. Құрылғы іске қосылғанша күтіңіз.

2. Теледидар пультындағы Source батырмасының көмегімен сигнал көзінің дұрыс таңдалғанын тексеріңіз. Батырманың аты басқаша да болуы мүмкін: Src, Input,  TV/AV немесе аты жазылмай, ішінде нұсқары бар тікбұрыш суреті салынуы мүмкін.

Қате: «Видеоны ойнату қатесі» жазбасы пайда болады.

Қалай түзету:

1. ТВ құрылғыны қолданғанда «Видеоны ойнату қатесі» жазбасы пайда болған жағдайда, шоғырсымды желіден 5 минутқа суырып алып, содан соң қайта қосу арқылы Wi-Fi роутер мен тв құрылғыны кезекпен өшіріп-қосыңыз. Тв құрылғы мен роутер іске қосылғанша күтіңіз.

2. TV Үйдегі Интернет қызметін Смарт ТВ арқылы қолданған жағдайда, теледидар мен роутер арасындағы жалғасуды тексеруіңіз қажет. Интернетпен байланыс бар болса, теледидарыңыздағы бағдарламалық жасақтаманы жаңартуыңыз қажет.

Қате: Арналар тізімі таңдалған тарифке сәйкес келмейді.

Қалай түзету: Tvinternet.beeline.kz сайтында арналардың сіздің тарифіңізге кіретініне көз жеткізіп, ТВ пакетіңіздің қолжетімді арналар тізімін тексеріп шығыңыз.

Қате: Дыбысқа/бейнеге қатысты қиындықтар

Қалай түзету: ТВ құрылғының теледидарға дұрыс жалғануын тексеріңіз. «Қызғалдақ» тәрізді шоғырсым нұсқасын қарайық: Шоғырсымның бір ұшын құрылғының жалғағышына, екінші ұшын теледидарға жалғаңыз. Шоғырсым таңбаламасының орындалуына назар аударыңыз, яғни «сары» түсті қызғалдақ сары түсті жалғағышқа жалғанады және т.б. Егер HDMI-шоғырсымды қолданғыңыз келсе, оны құрылғының HDMI жалғағышына, ал екінші ұшын теледидардағы тура осындай портқа жалғаңыз.

Қате: Жаңа құрылғыны тіркеу қатесі (жалғануға қолжетімді құрылғы жоқ)

Қалай түзету: Қате пайда болған жағдайда, TV Үйдегі Интернет қосымшасы арқылы анықталмайтын құрылғыдан «шығу» қажет. Бұл құрылғыға қатынау мүмкіндігі жоқ болса, Beeline нөмірінен 3535 нөмірі немесе 87273500035 қала нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуыңыз қажет.

Кез келген теледидарға қалай қосуға болады

Қарапайым теледидардан TV Үйдегі Интернет қызметімен ТВ-арналарын көру үшін, DUNE HD – 102 үлгісіндегі STB (Set Top Box) приставкасын қолдану керек, ол видеодеректерді түрлендіріп, шифры шешілген бейнежазбаны теледидар экранына шығарады.

STB Dune HDTV-102W приставкасын баптау нұсқаулығы.

ТВ-приставканы ауыстыру және қайтару шарттары

Жалға алынған приставканы қайтару үшін сату және қызмет көрсету кеңселеріне хабарлассаңыз болады:

Жеке куәлігіңіздің түпнұқсасын ала келіңіз, сондай-ақ «Үйдегі интернет» қызметіндегі логиніңіз бен тіркелген мекенжайыңызды айту керек болады.

  • Егер қалаңызда  Сату және қызмет көрсету кеңсесі жоқ болса, келесі нөмірлерге хабарласуыңызға болады: Моб.: 3535 – Beeline нөмірінен тегін

Жиынтық толық болмаса немесе толымдаушы құрылғылардың бірі бұзылған болса, құрылғыны ұсыну шартындағы прайс-парақша бойынша өтемақы алынады 4.4-тармақша.

Қондырғыны ауыстыру кезінде, егер жиынтықтың толымдаушы құрылғыларының бірі Сізге қатысы жоқ еңсеруге келмейтін күш салдарынан бүлінген болса, тегін ауыстырылады, басқа жағдайда толымдаушылардың бірі бүлінсе, бүлінген құрылғыны ауыстыру құны шарттың 4.4-тармағында көрсетілген, прайс-парақша шеңберінде өтеліп алынады.

А) ҚБ радиожиілік пульті – 1 дана;

В) Абонентік приставка – 1 дана;

С) Қолданушы нұсқаулығы – 1 дана;

D) RCA шоғырсымы (қызғалдақ) – 1 дана;

Е) HDMI шоғырсымы – 1 дана;

F) Тоқ көзі адаптері – 1 дана;

G) ИҚ (инфрақызыл) ұзартқыш – 1 дана;

Н) Патч корд – 1 дана;

USB ұяшығы - алынбалы тасымалдағыштарды қосу үшін (HDD, flash cards);
AV out ұяшығы- RCA шоғырсымы арқылы теледидарға қосу үшін;
HDMI ұяшығы - HDMI шоғырсымы арқылы теледидарға қосу үшін;;
LAN 10/100 ұяшығы - патч корд (wi-fi router+приставка) арқылы приставканы тікелей қосу үшін;
IR EXT ұяшығы - ИҚ (инфрақызыл) ұзартқышты қосу үшін;
5v in (тоқ көзі) ұяшығы – тоқ көзі адаптеріне қосу үшін (қуаттағыш).

Үйдегі Интернет желісі (роутерді баптау)
- Dune HD TV патчкорд (wi-fi router+приставка) арқылы тікелей қосылады;
- Топтамаларды NAT-бағыттау немесе proxy мен белгілі бір хосттарды немесе басқа қосымша желілерді желілік деңгейде бұғаттауды қолданатындарынан басқа бағыттаудың басқа жолдары, рұқсат етіледі.

Интернет желісіне кеңжолақты қосылу
- SD (Standard Definition) сапалы телеарналарды көру үшін ең кемі 2,5 Мбит/сек;
- HD (High Definition) сапалы телеарналарды көру үшін ең кемі  6 Мбит/сек.

Теледидардың сипаттамасы
- HDMI немесе RCA-кіру;
- FULL HD, HD READY.

DUNE HDTV-102 приставканы тікелей қосу (патчкорд).

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосылудың техникалық мүмкіндіктерін келесі жолдармен білуге болады: 

1.Келесі мекенжайдан 

2. 3535 нөмірі арқылы CallCentre-ге қоңырау соғу арқылы (Beeline нөмірінен қоңырау шалу тегін)

"Beeline Helper" бағдарламасы "Үйдегі интернетпен" жұмысты мейлінше жеңілдетеді - тек сүйікті сайттарыңыз бен порталдарыңыздан ләззат алу ғана қалады. Сілтеме

Егер Сізде бірнеше компьютер болса, Оларды роутер (бағыттауыш) арқылы интернет желісіне қоса аласыз. Дұрыс баптау үшін, бапталатын әр құрылғының пайдалану нұсқаулығын қолдануыңызды сұраймыз. Сілтеме

1. Логинді Жеке кабинетте байланыс нөмірі ретінде көрсетілген Beeline нөмірінен *799# пәрменін теру арқылы біле аласыз. Пәрменді айдың 1 мен 27-і арасында терсеңіз, логин мен теңгерім туралы ақпарат келеді, 28інен бастап - логин, теңгерім және төленетін соманы білесіз; 

2. Логинді Жеке кабинетте байланыс нөмірі ретінде көрсетілген Beeline нөмірінен 6784 нөміріне кез келген SMS (тіпті мәтінсіз) хабарлама жіберу арқылы біле аласыз. Жауап ретінде логин иесінің тегі мен туған күнін тексеру сұрағы келеді. 6784 нөміріне жіберілетін барлық хабарлама тегін.

Шотыңыздағы соманы білу үшін, Жеке кабинетке кіруіңіз керек. Оң жақ жоғарғы бұрышындағы "Теңгерімді көрсету" жолында теңгерім сомасын көресіз. 

Сондай-ақ Beeline нөмірінен *799# пәрменін терсеңіз болады. Жауап хабарламада теңгерім туралы ақпарат келеді, ал айдың соңында төленетін сома көрсетіледі. Маңызды! Телефон нөмірі "Үйдегі интернет" Жеке кабинетінде байланыс нөмірі ретінде көрсетілуі тиіс. 

Теңгерімді Жеке кабинетте байланыс телефоны ретінде көрсетілген телефоннан 3535 нөмірі арқылы Call Centre-ге қоңырау соғу арқылы біле аласыз. Операторға қосылу қажет емес. Компания қызметтері туралы ақпарат алған соң және басты жаңалықтарды тыңдағаннан кейін, қазіргі теңгеріміңіз өздігінен баяндалады. Тиісті ақпаратты күтудің ұзақтығы шамамен 1 минут.

Нәтиже нақты болуы үшін, қарапайым үш әрекетті жасаңыз: 

1. ДК-ге пәтердегі шоғырсым арқылы тікелей қосылыңыз. Нәтиже дәл шығуы үшін интернет-шоғырсымды компьютеріңізге тікелей қосыңыз. Сымсыз байланысты қолданғанда, өлшеу нәтижесі қате болуы мүмкін. 

2. Артық құрылғыларды өшіріңіз. Сынақ кезінде файрволды (firewall), антивирусты өшіріңіз, сондай-ақ файлдарды жүктеуді және torrent-клиент жұмысын тоқтатыңыз. Нақты нәтиже мәліметтерді жіберу желісіне ғана емес, сынақ өткізіліп жатқан компьютердің қуатына да байланысты болатынын ескеру керек. 

3. Speedtest бағдарламасын қосыңыз да, "Бастау" пернесін басыңыз.
• Сымсыз байланысты қолданғанда, өлшеу нәтижесі қате болуы мүмкін.
• Сынақ нәтижесі ақпараттық мазмұнда беріледі және интернетке қосылу жылдамдығын бағалаудың нақты көрсеткіші болып табылмайды.

Төлеу әдістері:

1. Вeeline теңгерімінен төлеу (money.beeline.kz немесе SMS-хабарлама арқылы), "Вeeline мобильді теңгерімінен төлеу жолы" бабын қараңыз;

2. Интернет-төлем:
сайтта
мобильді қосымшада;

3. Төлем қабылдайтын серіктестердің төлем терминалдары арқылы - QIWI, Киберплат, Касса24 және ьағы басқалары; 

4. Beeline төлем картасы арқылы, beeline мобильді нөмірінен пәрменді теру арқылы:
*105* <картаның құпия коды>*<логин (001-ден бастап..)># 
*101* <картаның құпия коды>*<логин (001-ден бастап..)># 
• Жеке Кабинетте

1. money.beeline.kz сайтын ашыңыз 
Үйдегі интернетті таңдаңыз; 
Соманы енгізіңіз; 
SMS арқылы келген растау кодын енгізіңіз; 
Төлемді растаңыз. 

2. SMS арқылы төлеу* 
2020 нөміріне келесідей SMS жіберіңіз (үлгі): 
2000 бинет XXXXXXXXXX 
2000 beenet XXXXXXXXXX 
2000 binet XXXXXXXXXX 
мұндағы: XXXXXXXXXX - Абоненттің логині; 2000 - төленетін сома теңгемен. 
* – SMS жіберу тегін

Көшу қызметін "Үйдегі интернет" қызметіне қосылған, бір қалада қызмет көрсету мекенжайын өзгерткісі келетін абоненттерге арналған. 
Қызметті қолдану үшін, CallCentre немесе Қызмет көрсету кеңсесі арқылы өтініш беру керек. 
Қызметтің абоненттік төлемі жоқ. 
Дербес деректеріңіз: логин/кілт сөз, теңгерім, байланыс нөміріңіз және басқалары сақталады.

Ұтымды микс - бұл мобильді байланыс пен "Үйдегі интернет" қызметтерінің бір топтамаға жинастырылуы. 

Артықшылықтары:
Бірыңғай оператор. бір байланыс нүктесі, бір қызмет көрсету терезесі;
Бір шот - мобильді байланыс қызметтері мен "Үйдегі интернет" қызметтеріне жеке-жеке төлеудің қажеті жоқ. Айына бір рет бір шотты төлей отырып, клиент бірден қызметтер топтамасын алады; 
Тиімді баға ұсынысы - біріктірілген топтамада бірнеше қызметті (Үйдегі интернет, TV, мобильді байланыс) бірден сатып алғаны үшін, клиентке тиімді баға ұсынылады. 

Ұтымды одақ - "Үйдегі интернет және Үйдегі интернет TV" қызметтерінің бір топтамаға біріктірілуі, мұның айырмашылығы - мұнда мобильді нөмір қосу мүмкіндігі жоқ.