



«Үйдегі Интернет TV»-де ең танымал онлайн-кинотеатрлар жиналған!
Балаларды жағымсыз контенттен шектеңіз. Бізде тек позитив 😊
Сіздің теледидар қолданбаны қолдамаса да, ТВ-жалғаманы жалға береміз.
6 сағатқа дейін пауза жасаңыз — бірнеше рет шертсеңіз жеткілікті. Бұдан былай экранды қалауыңызша басқара аласыз, үзіліс жасап, кейін тамашалай аласыз.
PRO топтамасында Kino жазылымы бар 4 онлайн кинотеатр бар
Бұл жер әрдайым қазақстандық және әлемдік жаңа киноға толы — көріп тауыса алмайсыз!
1. Beeline «Үйдегі Интернетін» қосып, теледидарыңыз мына параметрлердің біріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз:
- LG немесе Samsung Smart TV моделі (2017 және одан кейінгі);
- Android TV операциялық жүйесі бар теледидар және 9.0 нұсқасынан ескі емес ТВ-жалғама.
Егер сіздің құрылғыңыз осы аталған санаттардың ешқайсына жатпаса, яғни Smart TV-ді қолдамаса, біз сәйкес келетін ТВ-жалғаманы жалға береміз.
2. сайтындағы «Үйдегі Интернет» тариф жоспарларының бірін таңдаңыз. beeline.kz.
3. Қосылуға өтініш қалдырыңыз.
4. Күні бойы біздің маманның қоңырауын күтіңіз, ол Сізбен техника маманының келетін күнін келіседі.
5. Теледидар қосылғаннан кейін «Үйдегі Интернет TV 2.0» қолданбасын жүктеп алыңыз.
6. «Үйдегі Интернет» жеке кабинетінен логин мен құпиясөзді енгізіңіз (Егер құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, Жеке кабинетте парольді өзгерте аласыз).
7. Дайын. Ұнағанын тамашалай беріңіз 🙂
МАҢЫЗДЫ! «Үйдегі Интернет TV» қолданушылары жеке келісім жасаспай, қоғамдық көру орындарында (ұшақтарда, пойыздарда, видеосалондарда, мейрамханаларда, барларда, қонақүйлерде және т.б.) жалға алу арқылы контентті пайдалануға құқығы жоқ. Бұл ретте, түпкі қолданушылар сервисті пайдалану үшін жекелей жауапты болады.
3131 нөміріне (Қазақстандағы кез келген мобильді оператор нөмірлерінен тегін) қоңырау соғып, өтінім қалдыра аласыз немесе өз логигіңізді әлжелілерде Beeline Қазақстан ресми парақшасына хабарламаңызда жазыңыз («Біздің байланыс» бөлімінде өзіңізге ыңғайлы жолын таңдаңыз).
1. Егер Сізде LG Smart TV (2017 ж. бергі), Samsung Smart TV (2017 ж. бергі) немесе 9.0 нұсқасынан төмен емес Android TV операциялық жүйесіндегі теледидар болса (мысалы, Sony, Phillips, Xiaomi), теледидарыңызға 2.0 нұсқасындағы «Үйдегі Интернет TV» қолданбасын жүктеңіз. Толығырақ мына жерде . «Үйдегі Интернет» жеке кабинетіндегі логин мен құпиясөзді жазыңыз. Рахаттана тамашалаңыз.
2. Егер теледидарыңыз біздің қолданбаны қолдамаса, жалға стандартты ТВ-жалғама береміз.
«Үйдегі Интернет TV»-де таңдауыңызға 2 жалғама бар — INEXT TV5 Ultra және ZTE ZXV10.
- INEXT TV5Ultra
Android 10-да жұмыс істейді, нақты және табиғи кескінді керемет бөлшектермен, секундына 60 кадр жылдамдықта 4K контент ұсынады (қосымша сымдар қажет емес). Осы жалғаманың көмегімен Сіз YouTube және BeeTV сияқты кез келген қолданбаны жүктеуге болатын дүкенге кіре аласыз 🙂
- ZTE ZXV10
Android TV-ге арналған ТВ-жалғама. 4K UHD максималды тұнықтығымен және 8 ГБ ішкі жадымен. Экран алдында ыңғайлы жайғасып, сүйікті «Үйдегі Интернет TV» арнасын қосу үшін тағы басқа не қажет?! 🙂
Егер Сіз жалға алған жабдығыңызды (роутер, STB-жалғама, пульт, қуаттау блогы, HDMI кабелі, RCA кабелі) қайтарғыңыз келсе, мына жолдардың бірін таңдаңыз:
• Сайтта өтінім қалдыру. Ол үшін сілтемеге өтіп, жолдарды толтырыңыз. Маман Сізбен хабарласып, техника маманы баратын уақытты келіседі. , заполните необходимые поля.
• Beeline сату және қызмет көрсету кеңселеріне жүгіну. Өзіңізбен мыналарды ала келуіңіз керек:
1) Жалға алған жабдықтарды жинақта толықтай алып келу (жинақ толық болмаған немесе құрылғылардың бірі бүлінген жағдайда құрылғыны жалға беру туралы келісімшартта жазылған прайс-парақ бойынша бағаланады, 4.4-тармақ);
2) жеке куәліктің түпнұсқасы. Сонымен қатар, өз логиніңізді және «Үйдегі Интернет» қызметі туралы келісімшарт тіркелген мекенжайыңызды айтуыңыз керек болады.
• Егер Сіз тұратын қалада сату және қызмет көрсету кеңсесі болмаса 3131 нөміріне (Қазақстандағы кез келген оператор нөмірлерінен тегін) Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау шалуыңызды немесе әлжелілерде бізге жазуыңызды өтінеміз («Біздің байланыс» бөлімінен өзіңізге ыңғайлы жолын таңдаңыз).
Уайымдамаңыз!Мына жерден оқып алыңыз: Көмек бөлімі → Телевизия → «Үйдегі Интернет TV».
Кез келген техникадан ақау шығуы мүмкін. Диагностика жасау қажет. Оны өзіңіз-ақ жасай аласыз. Қауіпсіз, оңай әрі тез.
Wi-Fi роутерін өшіріп-қосыңыз, яғни роутерді электр көзінен ажыратып, 2 минуттан кейін қайтадан қосыңыз, сосын интернет бар-жоғын тексеріңіз.
Бұл көмектеспесе, 3131 нөмірі арқылы (мүмкін болса «Үйдегі Интернет» қызметі бойынша байланыс нөмірінен) клиенттерді қолдау орталығына қоңырау соғыңыз. Виртуал көмекші жабдықтың қолжетімділігін тексеріп, интернет немесе ТВ-да қазіргі уақытта ірі ақау бар-жоғын хабарлайды.
Егер жүйеде ірі ақау болмаса, операторға жүгініңіз. Ол міндетті түрде мәселені шешіп береді.
Назар аударыңыз! Үйдегі интернет пен ТВ-дағы ақауға байланысты диагностика жасау үшін міндетті түрде үйде болуыңыз шарт.
Сондай-ақ, Сіз бізге әлеуметтік желілерде хабарласа аласыз, өзіңізге ыңғайлы жолын «Біздің байланыс» бөлімінен таңдаңыз.
Егер Сіз «Менің Beeline-ым» қолданбасында құпиясөзді өзгертсеңіз, ал роутерді бізден сатып алсаңыз немесе жалға алсаңыз, онда жүйе өздігінен роутерді баптайды.
Егер құпиясөзді өзгерткеннен кейін 30 минут өткен соң үйдегі интернет бапталмаса, Wi-Fi роутеріңізді өшіріп-қосыңыз, яғни роутерді электр көзінен ажыратып, 2 минуттан кейін қайтадан қосыңыз, сосын интернет бар-жоғын тексеріңіз.
Бұл да көмектеспесе, 3131 нөмірі (Қазақстанның кез келген мобильді оператор нөмірінен тегін) бойынша call-орталыққа қоңырау соғыңыз немесе өз логиніңізді Beeline Қазақстан ресми парақшасына жолдайтын хабарламаңызда көрсетіңіз (өзіңізге ыңғайлы жолын «Біздің байланыс» бөлімінен таңдаңыз).
Назар аударыңыз! Үйдегі интернет пен ТВ-дағы ақауға байланысты диагностика жасау үшін міндетті түрде үйде болуыңыз шарт.