Алаяқтық

Сізді алдап кетсе, не істеу керек

Егер Сізге алаяқтар қоңырау шалды деп ойласаңыз, құқық қорғау органдарына жүгініп, оқиға туралы айтсаңыз болады. Ұялы байланыс операторы алаяқтардың әрекетіне жауапты емес екенін және құқық қорғау органдарының функциясын орындай алмайтыны естен шығармау керек. Сақ болыңыз!

Алаяқтар өздерін мемлекеттік немесе квазимемлекеттік ұйым қызметкері ретінде таныстырады. Мақсаты – Сіздің жеке деректеріңізді біліп, «хакерлік шабуылдан қорғау» деген сылтаумен ақшаңызды иемдену.

Қалай жұмыс істейді: кезең-кезең бойынша

1-кезең: «Мемлекеттік қызметкер» қоңырау шалады
Сізге су арнасы, емхана секілді мекеменің қызметкері сияқты хабарласады. Санағыш құралды ауыстыру, медициналық тексерістен өту үшін «электрондық кезекке қоямыз» деген желеумен 1414-тен келген SMS-кодты айтуыңызды сұрайды.
Қоңырау шалған адам өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырса да, SMS арқылы келген кодты ешкімге айтпаңыз.

2-кезең: «Шұғыл жағдай! Жеке кабинетіңіз бұзылды!»
Кейін Сізге «ХҚКО техникалық маманы» немесе «egov.kz өкілі» хабарласады. Ол Сіздің деректеріңізді біреу бұзғанын, олар несие ресімдеп, депозиттен ақша шешіп алмақ болып жатқанын айтады. Көмектесетінін айтып, ақпаратты Ұлттық банкке жолдайтынын мәлімдейді.

3-кезең: «Ұлттық банк» немесе «ҰҚК»-ден қоңырау
Сізге бейнеқоңырау арқылы хабарласады. Арам ойлы адам — қатаң киінген, артында мемлекеттік ту, елтаңба және басқа да ресми белгілер бар. Бәрі шынайы, ресми сияқты көрінеді.
Ол Сіздің атыңызға несиелер ресімделгенін растап, «шешім» ұсынады – депозитті «сақтандыру» және оны «алаяқтардан қорғау үшін» басқа картаға аудару (шындығында – ол алаяқтардың шоты). Әңгіме туралы ешкімге айтпауға көндіреді, өйткені «банк қызметкерлерінің өзі алаяқтармен байланысы болуы мүмкін» дейді.
Тіпті, ең жақын банкке жету үшін такси шақыртып беруі де мүмкін – бұл уақытта бейнеқоңырау арқылы бәрін бақылап отырады.
Бұның бәрі — алдау. Ешбір мемлекеттік орган ақшаңызды «қауіпсіз шотқа» аударуды өтінбейді және операцияны құпия ұстауды талап етпейді.

Не істеу керек:
SMS арқылы келген кодтарды ешкімге айтпаңыз
Бейтаныс адамның өтініші бойынша ақша аудармаңыз – тіпті, олар Сізді «құтқарып жатырмыз» десе де
Мемлекеттік органдардың ресми сайттарындағы нөмірлерге өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз
Тоқтап, тексеріңіз: асығыстық – алаяқтардың басты құралы

Әлеуметтік желілерде алаяқтар «КаР-Тел» ЖШС атынан қызметтер мен акциялар ұсынып, кеңес береді. Хат алмасу барысында олар Сіздің жеке және банктік деректеріңізді сұрауы, зиянды сайттарға өтуді ұсынуы, нөміріңізге келген кодты айтуды сұрауы, кейіннен Сізге тиімді болуы үшін, теңгеріміңізді толтыруды өтінуі мүмкін. Ол дербес деректеріңізге қол жеткізуге және олардың жоғалуына, сондай-ақ материалдық зиянға соқтыруы мүмкін.

Біздің тарифтер, қызметтер және акциялар туралы барлық өзекті ақпарат beeline.kz ресми парақтарында, , , , , , әл.желілердегі Beeline Қазақстан ресми парақтарында және «Менің Beeline-ым» қосымшасында жарияланған.

Ұсыныс: өздерін Beeline ретінде таныстырған аккаунттардың хабарламаларына мән бермеңіз, хат жазыспаңыз, дербес, банктік деректеріңізді, сондай-ақ SMS кодтарды айтпаңыз.

SIM-картаның мерзімі шектелмеген. Егер Сізге хабарласып, нөміріңздің мерзімін ұзартуды ұсынса, тұтқаны бірден қойыңыз. Сізге хабарласқан шынында да Beeline Қазақстан қызметкері екеніне көз жеткізу үшін, 116 нөмірі арқылы біздің колл-орталыққа хабарласыңыз.

Абыржымаңыз және ақша аудармаңыз. Шында да танысыңыз екеніне көз жеткізіңіз. Жақыныңыздың жеке нөміріне немесе оның жанында болуы мүмкін жақындарына қоңырау шалып, көмек керек пе екен, біліңіз.

Ақша аудармаңыз. «Зардап шеккен» адамнан операторына немесе банктің қолдау қызметіне хабарласуын өтініңіз.

Ақша аудармаңыз. 
Дербес деректеріңізді немесе банктік картаңыздың деректерін: нөмірін, қауіпсіздік кодын айтпаңыз. 
Банк картасымен операциялар жасайтын құпия сөзді алаяқтарға айтпаңыз. Картаңызда көрсетілген нөмір арқылы банктің қолдау қызметіне қоңырау шалып, тиісті мәселелердің анықтаңыз.

Смартфоныңыздағы қара тізім арқылы, қаламайтын қоңырауларыңызды шектеңіз.

Егер Сізге қандай-да бір ұтыс туралы SMS келсе және онда байланыс нөмірі көрсетіліп, оған қоңырау шалсаңыз, онда Сіз жүлдені алу шарттары, оның ішінде баж салығын төлеу туралы білгеніңіз анық. Алаяқтар "бажды" төлеу нұсқаулығын да ұсынады. Ол нұсқаулық қаражатыңызды алаяқтарға аударуға әкеледі.
Мұндай SMS алған кезде, көрсетілген нөмірге қоңырау шалуға асығудың қажеті жоқ. Мәлімделген ұйымдастырушы компанияның бұл акцияны шынымен өткізетініне көз жеткізу керек. Сіз әрқашан компанияның ресми сайтында немесе ашық көздердегі байланыс деректерінен ақпарат алып, компания туралы интернеттегі пікірлермен таныса аласыз.

Бейтаныс нөмірлерден видеоқоңырау қабылдамаңыз. Алаяқтар экранды жазып алып, бет-әлпеттің биометриясын алады да, кейін оларды өз мақсаттарына пайдаланады. Бейнеқоңырау шалатын адаммен алдын ала келісіңіз.

Егер Сізге қоңырау шалып, емхана қызметкері ретінде танысса және срининг/диспансеризация өту турлы хабарлап, SMS-тегі кодты айтуды сұраса, әңгімені бірден доғарыңыз.

Емханаңыңыздың колл-орталығына қоңырау шалыңыз. Қоңырау олардан келмеген болуы мүмкін.

Алаяқтар өз схемаларын жиі «жеңіл табыс» ретінде көрсетіп, қауіпсіз болып көрінетін қосымша жұмыс ұсынады. Олардың мақсаты — «аударымдар жасаумен көмек», «картаны уақытша пайдалану» немесе «делдалдық үшін сыйақы» деген сылтаумен Сіздің банк карталарыңызға, шоттарыңызға немесе жеке деректеріңізге қол жеткізу. Шын мәнінде, мұндай ұсыныстар — Сізді заңсыз қаржылық операцияларға тарту және деректеріңізді қылмыс үшін пайдалану тәсілі.

Дропперлер деген кім?

Бұл — сыйақы үшін «аударым жасауға көмектесуге» немесе өздерінің банк шоттарына, төлем карталарына, электронды әмияндарына, логиндері мен құпиясөздеріне алаяқтарға қол жеткізуге келісетін адамдар.

Дропперлік схемаларға қатысу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған (ҚР ҚК 232-1-бабы).

Не істеуге тыйым салынған?

• Логиндерді, құпиясөздерді, PIN-кодтарды, SMS-кодтарды және кез келген қол жеткізу құралдарын үшінші тұлғаларға беру (жұбайлар мен жақын туыстардан басқа).

• Өз карталарыңызға, шоттарыңызға немесе электронды әмияндарыңызға қол жеткізуге рұқсат беру.

• Бөтен реквизиттерден төлемдер мен аударымдар жасау.

• Сыйақы үшін аударымдарда делдал болу.

Бұзушылар үшін қандай жаза қарастырылған?

Үшінші тұлғаларға төлемдер немесе аударымдар жасауға мүмкіндік беретін реквизиттерді немесе жеке деректерді беру — айыппұл, бостандықты шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеумен.

Банк шоттарына немесе төлем құралдарына заңсыз қол жеткізу — 3 жылдан 7 жылға дейін бостандықты шектеу немесе айыру, мүлікті тәркілеумен.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

• Кодтарды, құпиясөздерді, логиндерді, картаның реквизиттерін ешқашан үшінші тұлғаларға айтпаңыз.

• «Ақшаны қабылдап, әрі қарай жіберу» ұсынысына келіспеңіз.

• «Біреуге» карта ресімдемеңіз.

• Жылдам табыс пен бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сақ болыңыз.

• Күмәнді хабарлама немесе қоңырау келсе — дереу банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Есте сақтаңыз

Дропперлік схемаларға кез келген түрде қатысу — «жеңіл табыс» емес, бостандықтан және мүліктен айырылу қаупі.

Алаяқтар «SMS-бластерлерді» жиі қолдана бастады — бұл ұялы байланыстың базалық станцияларының көшірмесі болып көрінетін арнайы құрылғылар. Мұндай құрылғылар байланыс операторын айналып өтіп, алаяқтарға «бластердің» әрекет ету аймағындағы (2 км дейін) телефондарға жалған SMS хабарламаларды тікелей жіберуге мүмкіндік береді. Бұл хабарламаларды ерекше қауіпті етеді: олар банктерден, жеткізу қызметтерінен немесе мемлекеттік органдардан келген ресми хабарламаларға ұқсайды, ал мақсат — деректер мен ақшаны ұрлау.

Қалай жұмыс істейді?

• Құрылғы шынайы базалық станциядан да қуаттырақ сигнал жасайды.

• Телефон автоматты түрде осы «бластерге» қосылады.

• Көбінесе құрылғы смартфонды осал 2G желісіне мәжбүрлеп ауыстырады.

• Алаяқтар кез келген хабарлама жібереді: сілтемелер, жалған хабарламалар, «операцияны растау».

• Оператор мұндай SMS-ті көрмейді және бұғаттай алмайды, себебі олар желі арқылы өтпейді.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

• Күтпеген немесе күмәнді SMS-тегі сілтемелерге өтпеңіз.

• Сайттарды әрқашан SMS-тегі сілтеме арқылы емес, қолмен ашыңыз.

• Антивирус пен фишингтен қорғауды пайдаланыңыз — олар қауіпті сайттар мен SMS-ті бұғаттайды.

• Егер мүмкіндік болса, смартфоннан 2G өшіріңіз. Бұл Android-та (12-нұсқадан бастап) немесе iOS-та қорғау режимі арқылы жасалады.