Шексіз Жарқын Контракт

Клиенттеріміздің сүйікті акциясы «Жарқын контракт» тарифтерінде!

Смартфоныңызға арналған жаңа тарифтерде видео, мессенджерлер, әл.желілер мен жастарға арналған сервистерге берілетін шексіз трафикпен рахаттаныңыз!

Назар аударыңыз! Вконтакте сервисі мен басқа да әлеуметтік желілерде трафиктің 2 түрі бар: меншікті ішкі, ол – шексіз, және аздаған сыртқы – техникалық трафик, баннердегі жарнама, кіру санағыштары, сондай-ақ әлеуметтік желілердің парақтарында басқа сайттардан орналастырылатын (YouTube, Rutube, Vimeo және басқалары) видеолар. Ондай трафик тариф жоспарының негізгі топтамасынан жұмсалады. Шексіздіктерді қосымшаларға кіріктірілген барлық мессенджерге де алуға болады (мысалы, Facebook және Facebook мессенджері). 

YouTube сервисінде де трафиктің 2 түрі бар: негізгі ішкі – ол видеоконтенттің өзі, және аздаған сыртқы – баннердегі жарнама, кіру санағыштары, техникалық трафик, олар тарифтің негізгі топтамасынан шығындалады, себебі оны техникалық тұрғыдан YouTube трафигі ретінде есептеу мүмкін емес. YouTube-ке берілетін шексіз трафик ішкі трафикке және өз видеоконтентіңді жүктеуге мүмкіндік береді. Сыртқы трафикті алмау үшін және тариф жоспарының трафигін шығындамау үшін, ресми қосымшаларды қолдануға кеңес береміз. 

Видеоны 720p (HD) дейінгі сапада көруге болады. 

Қызметтерге шексіз қол жеткізу мобильді қосымшалар арқылы да, веб-нұсқалар (браузерлер) арқылы да ұсынылады.

WhatsApp, Telegram және барлық мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі шексіз трафик хабарлама алмасуға, кез келген файлды, фотоны, аудио- және видеожазбаны жіберуге, сондай-ақ онлайн видео-таратылымға, аудио- және видеоқоңырауға беріледі. 

Егер тариф жоспарының интернет-топтамасы мен теңгерімдегі қаражат бітіп қалса, қызметке қосылу бұғатталады. 

Сондай-ақ, телефонда VPN, анонимайзер немесе прокси қосылып тұрса және смартфон модем режимінде пайдаланылса (интернет-трафик таратушыда да, оған қосылғанда да) әлеуметтік желіге шексіз қосылу мүмкіндігі берілмейді, трафик негізгі топтамадан жұмсалады.

Телефоныңызды модем/Wi-Fi қосылу нүктесі ретінде пайдаланып, интернет таратуға болады. Бірақ SIM-картаны модемде немесе роутерде қолдансаңыз, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.

Бұл акцияда, кейбір қолданушы Beeline желісіндегі мобильді интернет жылдамдығын азайтпауы үшін, Әділ пайдалану саясаты әрекет етеді.