25.11.2025
25.11.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа салық заңнамасына сәйкес Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін өседі.
ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі байланыс қызметтерінің, интернеттің және қосымша сервистердің құнына әсер етеді. Осыған байланысты тариф жоспарлар бойынша абоненттік төлемдер қайта қаралады. Біз жаңартылған бағалар туралы пайдаланушыларды өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етеміз.
Сұрақтарыңыз туындаса немесе кеңес қажет болса, біздің мамандар көмектесуге дайын. Қолдау қызметіміз колл-орталықта және чат-боттарда тәулік бойы жұмыс істейді (сілтемелер біздің сайтта бар).
Сенім білдіргеніңіз үшін рахмет!