Жиі қойылатын сұрақтар

Кез келген техникада кейде ақау болады.

• Janymda қосымшасында автодиагностика жасап көрейік. Оны өзіңіз де жасай аласыз. Қауіпсіз, оңай әрі тез. Сілтеме: мұнда ("Аккаунт" бөлімінде "Үйдегі Интернет" логиніне солға өтіп, offline статусына басыңыз)

• Wi-Fi роутерді қайта жүктеңіз, яғни роутерді электр қуаты желісінен ажыратып, 2 минуттан соң қайта қосыңыз да, интернетке қосылу мүмкіндігін тексеріңіз.

• Егер ол көмектеспесе, клиенттерді қолдау орталығына 3131 нөміріне қоңырау шалыңыз ("Үйдегі Интернет" қызметінде көрсетілген байланыс нөмірінен қоңырау шалғаныңыз дұрыс). Виртуалды көмекші жабдықты тексеріп, егер сол сәтте интернетте жаппай ақау болса, Сізге міндетті түрде хабарлайды.

• Егер жүйеде жаппай ақау болмаса, операторға хабарласыңыз. Ол мәселенің неден екенін тексеруге міндетті түрде көмектеседі.

Назар аударыңыз! "Үйдегі Интернет" жұмысындағы ақауға диагностика жасау үшін, міндетті түрде үйде болуыңыз керек.

• Сондай-ақ бізге әлеуметтік желілерде жазсаңыз болады, "Біздің байланыс контактілеріміз" бөлімінен өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз.

• Құпия сөзді Janymda қосымшасында оңай көруге болады (IOS 7.17.0 және одан жоғары, Android 7.21.0 және одан жоғары), оны мына жерден жүктеп алыңыз: https://bee.gg/settings
• Байланыс нөмірімен авторизациядан өтіңіз
• "Аккаунт" бөлімінде "Үйдегі Интернет" логиніне солға өтіңіз
• Бетті төмен айналдырып, "Үйдегі Интернет" байланыс нөмірінің астында шифрды ашу белгішесін басыңыз — "көз"
• Үйдегі интернет жұмысы бойынша сұрақтар қалса, Call-орталыққа 3131 нөмірі бойынша қоңырау шалу (Қазақстанның кез келген мобильді операторларының нөмірлерінен тегін) немесе өз логиніңізді Beeline Қазақстанның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жеке хабарламамен жазыңыз (“Біздің байланыс контактілеріміз" бөлімінен ыңғайлы әдісті таңдаңыз)

Теңгерімді толтырып жатқанда, шатасып, "Үйдегі Интернеттің" басқа логиніне жіберіп қойдыңыз ба? Уайымдамаңыз — бұл түзетіледі.

Төлемнің күнін, уақытын, сомасын және чектің бар-жоғын тексеріңіз.

• Біз логин теңгеріміне ақшаны чексіз қайтара аламыз, егер:

✓ Дұрыс және қате логин иесінің толық аты-жөні сәйкес келеді.
✓ 1–3 санда қате кетсе.
✓ Төлем сомасы 10 000 теңгеден төмен болса
Чек міндетті түрде керек, егер:
✓ Төлем жоқ логинге жіберілсе.
✓ 4-тен аса санда қате кетсе.
✓ Төлем сомасы 10 000 теңгеден көп болса.

• Форманы толтырыңыз: мына жерде
✓ Логин
✓ Аты-жөні
✓ Сіздің телефоныңыз
✓ Төлем дұрыс емес жасалған логин
✓ Егер Сіздің жағдайыңызда чек керек болса, оны қосыңыз (жоғ.ақп.көріңіз).

• Егер барлық шарттар орындалса, Сізге ақшаңыз келесі жолдармен қайтарылады:
Call-орталық арқылы. 3131 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз. Өтінеміз, чек қолыңызда болсын: біздің кеңесші операция күні мен уақытын, толтыру сомасын, серіктес атауы мен чек фотосын талап етеді.
Beeline кеңсесінде. Өзіңізбен жеке куәлігіңізді және төлем туралы чекті ала келіңіз.

Маңызды!
• Соманы қайтару үшін Call-орталыққа немесе Beeline кеңселеріне төлем жасалған күннен соң, 30 күн ішінде хабарласу қажет
(мысалы, Сіз теңгерімді 25-ші шілде толтырдыңыз, ал ақшаны қайтару 24-ші тамызға дейін ғана мүмкін). Ағымдағы айдың соңғы
екі күні ережеден тыс болады, себебі сома аударымы келесі айдың соңына дейін жарамды.
• Барлық шарттар орындалса да, біз қайтарылатынына кепілдік бере алмаймыз, себебі қайтару барысында басқа да мәселелер туындауы мүмкін.

3131 нөмірі арқылы клиенттерді қолдау орталығына өтініш беріңіз (Қазақстандағы кез келген мобильді оператордың нөмірінен тегін) немесе бізге әлжелілерде жазсаңыз болады (“Біздің байланыс контактілеріміз" бөлімінен өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз).

"Көшу" қызметін қолданыңыз. Толық ақпаратты сілтемеден оқыңыз. Назар аударыңыз! Жаңа жерде үйдегі интернетті қосудың техникалық мүмкіндігін алдын ала мына жерден тексеріңіз ("Өтінім қалдыру" батырмасын басыңыз).

Ол Сіздің интернеттегі тұрақты ІР мекенжайыңыз. Ол Сіздің "Үйдегі Интернет" логиніңізге бекітіледі. Статикалық ІР-мекенжай туралы толық ақпарат сілтемеде

• Егер Сіз жабдықты немесе оның жиынтығын (роутер, STB-жалғама, пульт, тоқ блогы, HDMI шоғырсымы, RCA шоғырсымы) сындырып немесе жоғалтып алсаңыз, олардың құнын Жабдықты қабылдау тапсыру актіндегі прайс-параққа сәйкес өтеуіңіз керек (Бланктер мен құжаттар – Қызмет көрсету шарты – Жеке тұлғалар үшін Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсетуге Жария шарт)(17-парақ).
• Ол үшін Клиенттерді қолдау орталығына 3131 нөмірі арқылы қоңырау шалыңыз (Қазақстандағы кез келген мобильді операторлардың нөмірінен тегін), әлеуметтік желілердегі Beeline Қазақстанның ресми парақшалары арқылы бізге жазыңыз (“Біздің байланыс контактілеріміз" бөлімінен өзіңізге ыңғайлысын табыңыз) немесе Beeline-ның сату және қызмет көрсету кеңселеріне хабарласыңыз.

"Ерікті бұғаттау" қызметін қолданыңыз, толық ақпарат сілтемеде.

Жалға алған жабдықты (роутер, STB-жалғама, пульт, тоқ блогы, HDMI шоғырсымы, RCA шоғырсымы) төмендегі жолдардың бірімен қайтаруға болады:

• Сайтта өтініш беріңіз. Ол үшін сілтемеге өтіп, тиісті жолдарды толтырыңыз. Сізге біздің маман хабарласып, техниктің келетін күні мен уақытын келіседі.

Beeline-ның сату және қызмет көрсету кеңсесіне хабарласыңыз. Өзіңізбен ала келіңіз:

1) қызметті қосқан кезде жалға алынған құрылғының толық жиынтығын (жиынтық толық болмаса немесе бүлінсе, оның құны құрылғыны ұсыну туралы шарттағы прайс-параққа сәйкес бағаланады, Бланктер мен құжаттар – Қызмет көрсету шарты – Жеке тұлғалар үшін Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсетуге Жария шарт)(17-парақ).

2) жеке куәліктің түпнұсқасын. Сондай-ақ "Үйдегі Интернет" логині мен келісімшарт тіркелген мекенжайды айту керек болады.

• Егер Сіз тұратын қалада сату және қызмет көрсету кеңсесі жоқ болса, Клиенттерді қолдау орталығына 3131 нөмірі арқылы қоңырау шалуыңызды өтінеміз (Қазақстандағы кез келген мобильді операторлардың нөмірінен тегін) немесе бізге әлеуметтік желілерде жазыңыз (“Біздің байланыс контактілеріміз" бөлімінен өзіңізге ыңғайлысын табыңыз).