*100# — мәзір: тариф жоспары, нөмір, қосылған қызметтер, қосымша, есепшот
*166# — қосылған тариф жоспары туралы ақпарат
*102# — теңгерімді тексеру
*106# — ГБ, минут және SMS қалдығын тексеру (егер тариф бойынша бар болса)
*225# — хабарламалар тілін таңдау (сондай-ақ *100# пәрмені арқылы да таңдауға болады)
*122# — интернет-трафик қалдығы туралы ақпарат
*160# — өз нөміріңіз туралы ақпарат
*179# — қосылған қызметтер тізімін тексеру
*802# — соңғы он ақылы есептен шығару туралы ақпарат
*141# — қарызға теңгерім алу («Сенімді төлем» қызметі)
*835# — нөмірді тіркеу мәртебесі
Интернетті баптамас бұрын, теңгерімде қаражат және тариф ГБ-сы бар екеніне көз жеткізіңіз.
Android жүйесіндегі телефоныңызда интернетті еш қиындықсыз баптау үшін, біздің роликті көріңіз.
Немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз (баптаулар мәзірі әртүрлі телефонда әртүрлі):
Смартфон баптауларын ашыңыз:
Қосылу нүктесінің аты: Beeline Internet
Қосылу нүктесі (APN): internet.beeline.kz.
Басқа деректерді толтырудың қажеті жоқ.
Дайын! Смартфонды қайта жүктеу ғана қалды, содан соң Beeline-ның шапшаң интернетінен ләззат алыңыз.
Егер осыдан соң интернет істемесе, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен бізге хаьарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.
Интернетті баптамас бұрын, теңгерімде қаражат және тариф ГБ-сы бар екеніне көз жеткізіңіз.
iOS жүйесіндегі телефоныңызда интернетті еш қиындықсыз баптау үшін, біздің роликті көріңіз.
Немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз:
Дайын! Смартфонды қайта жүктеу ғана қалды, содан соң Beeline-ның шапшаң интернетінен ләззат алыңыз.
Егер осыдан соң интернет істемесе, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен бізге хаьарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.
Мобильді интернеттің жылдамдығына әсер ететін негізгі факторлар:
• Желінің жүктемесі. Кейде қарбалас сағатта мобильді интернеттің жылдамдығы азаюы мүмкін. Яғни бір базалық станцияға көп смартфон бір уақытта қосылған сағаттарда.
• Тұрған жері, құрылыс, метеожағдай. Ауа райы қолайсыз болса немесе таулы жерде жүрсеңіз немесе металлы көп құрылыстың қасында тұрсаңыз, жылдамдық азаюы мүмкін.
• Смартфоныңыздың стпаттамасы. Бір жерде тұрған әртүрлі телефонда мобильді интернет жылдамдығы әртүрлі болуы мүмкін. Оған операциялық жүйе, смартфонның процессоры мен модемі, 3G/4G/5G желісін қолдауы әсер етуі мүмкін. Құрылғыңыздың сипаттамасын өндірушіден кез келген уақытта біле аласыз.
• Әділ пайдалану саясаты. Шексіз интернеттің кейбір қолданушысында, тарифте қарастырылған шапшаң трафик шегіне жеткенде, қосылу жылдамдығы азаюы мүмкін. Ол жүктемені желіге тең бөліп, Beeline-ның барлық абонентіне сапалы интернетке қосылу мүмкіндігін ұсыну үшін қажет.
Егер Сізде интернет жылдамдығы жиі төмендей берсе және ол тұрған жеріңізге, ауа райы мен тәулік уақытына байланысты болмаса, құрылғыңызды қайта жүктеп көріңіз. Егер ол да көмектесепесе, өзіңізге ыңғайлы жолмен бізге хабарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.
Өзіңізге ыңғайлы жолын таңдаңыз:
1. «Janymda» қосымшасында
«Аккаунт» кіріктірмесі→ «Janymda» бөлімі → «Тариф жоспарын ауыстыру» пернесі.
Бұл ауыстыру жолы туралы видеонұсқаулықтан біліңіз.
2. beeline.kz сайтында
3. *100# пәрменімен
4. USSD-пәрменмен
Әр тарифтің қосатын пәрмені бар. Біздің барлық тариф мына жерде.
5. Beeline-ның кез келген кеңсесінде
Жақын жердегі кеңсенің мекенжайын мына жерден біліңіз.
Отбасы ортасы деген не?
«Отбасы ортасы» — дастархан сияқты: бұл қызметпен Сіз өз тарифіңізді жақындарыңызбен бөлісе аласыз.
Бәрі оңай. Тарифпен бөлісетін адам — басшы, ал кіммен бөліссе — қатысушы.
Басшы өз тарифі бойынша абоненттік төлемді + әр қосылған қатысушы үшін қосымша төлем жасайды. Ал қатысушылар жай ғана пайдаланады — олар үшін бәрі төленген 🙂
Тарифті білудің бірнеше жолы бар:
1. «Janymda» қосымшасының «Аккаунт» кіріктірмесінен
2. *166# пәрменімен
Қаражаттың, минуттар мен гигабайттың шығынын нақты күні мен уақытына дейін «Janymda» қосымшасында тегін көріңіз.
Есепшот түрлері
• Нақты кезеңдегі шығын
• Байланыс қызмет түрлеріне кеткен шығын: минуттар, SMS, MMS, трафик, ойын-сауық сервистері
Қолдану жолы
• «Janymda» қосымшасын орнатып, авторизациядан өтіңіз
• «Аккаунт» кіріктірмесі→ «Шот есебі» бөліміне өтіңіз»
• Есебін көргіңіз келетін кезеңді таңдаңыз
Білгеніңіз маңызды
• Қосымшада соңғы 9 айдағы ақпарат сақталады.
• Бір ретте ең көбі 90 күннің есебін көруге болады. Яғни, Сізге соңғы 7 айдың есебі керек болса, оны бірнеше рет жүктеу керек болады.
• Келген қоңыраулар туралы ақпарат 3-күні ғана көрсетіледі.
• Ұзақтығы нөлге тең кез келген қоңырау (қоңырау шалуға талпыну, қабылданбаған қоңыраулар, жауап берілмеген қоңыраулар, жасырын нөмірден келген қоңыраулар) шот есебінде көрсетілмейді.
• «Janymda» шот есебін тек электронды нұсқада алуға болады, жүктеу мүмкін емес.
Қазақстанда мобильді байланысы бар кез келген құрылғы міндетті түрде тіркелуі керек. Ол «Байланыс туралы» ҚР заңына сәйкес (36-2-бап) енгізілген. Жеке тұлғалардың құрылғылары ЖСН немесе төлқұжат нөміріне тіркеледі:
• ҚР резиденттеріне — ЖСН, мобильді нөмір және құрылғының IMEI (нөмірі) коды.
• Бейрезиденттерге (шетел азаматтарына) — төлқұжат нөмірі, мобильді нөмір және құрылғының IMEI коды.
Мобильді телефондар, планшеттепр, модемдер, SIM-карталары бар сағаттар тіркелуі тиіс, М2М құрылғылар мен роумингтегі мобильді құрылғылар тіркелмейді.
2025 жылғы 25 наурызда Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу ережелері өзгерді. Енді құрылғы мемлекеттік верификациядан өткен жағдайда ғана тіркеуге және байланыс қызметтеріне жіберіледі. Жаңа ережелер туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.
Нөмір қандай жағдайда жойылады
Егер Сіз нөмірді 12 ай бойы қолданбасаңыз, ол жойылады. Қолданбау — демек қоңырау шалмау және қоңырау қабылдамау, SMS жібермеу және қабылдамау, интернетке шықпау. Бұл ереже Жария шарттың 9.6-тармағында бекітілген. Бұл ретте нөмірдің бұрынғы иесіне, жойылған сәтте теңгерімде болған соманы қайтаруға 3 жыл беріледі.
Өз нөміріңіді қайтару жолы
Кейбір жағдайда, бұрын жойылған нөмірді қалпына келтіре аласыз. Ол үшін, өзіңізге ыңғайлы жолмен бізге хабарласыңыз. Біздің кеңесшілер қалыпна келтіру мүмкіндігін тексереді. Егер жойылған нөмірді қалпына келтіруге мүмкіндік болса, нөмірдің иесі жеке куәлігін алып, біздің кез келген кеңсеге келуі керек. Қалпына келтіру құны 600 теңге + бастапқы жиынтықтың құны.
Маңызды! Егер жойылған нөмір бұрын Beeline-ға басқа оператордың желісінен ауыстырылса, қалпына келтіру мүмкіндігін тексеру үшін, нөмірдің бастапқы операторына хабарласу керек.
• Банк картасымен. Сіз картаңызды «Janymda» қосымшасына тіркей аласыз немесе оны beeline.kz сайтында қолдана аласыз. Оның интернетте сатып алу функциясы ашық болуы керек.
Теңгерімді картадан толтыру шектеулері:
| Қазақстан карталарымен төлеу | |
| Бір транзакцияның ең көп сомасы | 252 000 ₸ |
| Бір тәулікте теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома | 505 000 ₸ |
| Соңғы 30 күнде теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома | 1 200 000 ₸ |
| Бір тәулікте бір картадан жасалатын транзакцияның ең көп сомасы | 505 000 ₸ |
| Соңғы 30 күнде бір картадан жасалатын транзакцияның ең көп сомасы | 1 200 000 ₸ |
| Шетел карталарымен төлеу | |
| 3DS-сіз картамен төлеу | Недоступно |
| 3DS бар картамен тәулігіне теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома | 252 500 |
| 3DS бар картамен соңғы 30 күнде теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома | 505 000 |
• Qiwi, Касса24 және басқа төлем терминалдарында нақты ақшамен. Комиссия терминалға байланысты.
• Банк қосымшаларында. Ол үшін мобильді банкингіңізді ашып, қызметтерге төлеуді таңдаңыз да, Beeline теңгерімін толтыруды көрсетіп, нөмір мен төлем сомасын көрсетіңіз. Лимит пен комиссия банкке байланысты.
• Beeline-ның кез келген кеңсесінде. Баратын уақытыңызды брондаңыз және өзіңізге ыңғайлы кез келген кеңседе теңгерімді комиссиясыз толтырыңыз.
Назар аударыңыз! Beeline теңгеріміне 4 000 000 ₸ артық сома салынбайды.
Теңгерімді толтырған кезде, байқаусыз төлемді басқа нөмірге жібердіңіз бе? Уайымдамаңыз, барлығын түзету мүмкін.
Біз төлемді керекті нөмір теңгеріміне қайтара аламыз, егер келесі шарттар орындалса:
• Нөмірді терген кезде 3 санға дейін қателессеңіз.
• Сіз қателесіп төлем жіберген нөмір Beeline нөмірі болса. Егер ол нөмір өзге оператордікі болса, онда төлем жасалған компаниямен немесе нөміріне төлем түскен оператормен байланысу керексіз.
• Қате нөмірдің теңгерімінен ақша жаратылып қоймаса. Егер ақша толықтай жаратылса (мысалы, теңгерімде қарыз болып), онда біз оны қайтара алмаймыз. Ал егер ақша жартылай жаратылса, біз Сізге қалдығын қайтарамыз.
• Сіз теңгерім толтырмақшы болған нөмір Beeline желісінде және Сіздің атыңызға тіркелуі қажет. Тек нөмір иесі ғана теңгерімді қайтаруды өтіне алады.
Егер барлық шарттар орындалса, қайтаруды келесі тәсілдері бар:
1. Сall-орталық арқылы 116 нөміріне қоңырау шалыңыз. Түбіртек қолыңызда болсын: біздің кеңесші операция жасалған уақыт пен күнді, толтырылған соманы, серіктестің атын және түбіртектің фотосын сұрайды.
2. Beeline кеңсесінде Өзіңізбен бірге төлқұжат пен төлем туралы түбіртек болуы тиіс.
Маңызды! Соманы қайтару үшін call-орталыққа немесе Beeline кеңсесіне төлем жасалған кезден бастап 30 күнге дейін байланысу қажет (мысалы, Сіз теңгерімді 25-ші шілдеде толтырдыңыз, егер 24-ші тамызға дейін байланыссаңыз, қайтаруды рәсімдеу мүмкін). Шарттан тыс жәйт, айдың соңғы екі күні, себебі сома аударымы келесі айдың соңына дейін болады.
Біз соманың қайтарымына кепіл бере алмаймыз, себебі қайтару кезінде көптеген басқа мәселелер тууы мүмкін.
Beeline теңгерімін толтырдыңыз, ал ақша әлі түспеді ме? Бұл мәселені бірге шешейік:
1. Алдымен түбіртектегі теңгерім толтырған телефонның нөмірін тексеріңіз, қате кетпегеніне көз жеткізіңіз. Егер нөмір қате болса, онда «Төлемді басқа нөмірге жіберсеңіз» бөлімін оқыңыз.
2. Егер төлем жасалған сәттен 24 сағат өтпесе, төлем төленген жерге хабарласыңыз. Әдетте серіктес мекемелердің нөмірлері түбіртекте жазылады. Егер теңгерімді банк арқылы толтырсаңыз, банк call-орталығына хабарласыңыз.
3. Егер төлем жасалған сәттен 24 сағат өтіп кетсе, біздің 116 нөміріне қоңырау шалыңыз. Түбіртек қолыңызда болсын: біздің кеңесші операция жасалған уақыт пен күнді, толтырылған соманы, серіктестің атын және түбіртектің фотосын сұрайды. 3 күн ішінде Сізге шешіммен ораламыз.
Өзге Beeline абонентінің мүдделерін қамтамасыз етесіз бе немесе басқа біреуді біздің қызмет көрсету кеңсесіне өз орныңызға баруды сұрайсыз ба? Сізге келесі шарттармен таныс болу қажет:
1) Нотариалды куәланған сенімхат ресімдеу.
2) Beeline кеңсесінде өтінім беру немесе біздің маманмен қоңырау кезінде, сенімхаттың түпнұсқалығы мен өзіңіздің жеке басыңызыды растау.
Назар аударыңыз:
Сенімхатта міндетті түрде сенімді тұлғаның «КаР-Тел» ЖШС-інде немесе ұялы байланыс операторларында Сіздің мүдделеріңізді білдіру бойынша өкілеттіктері, соның ішінде Сіздің атыңыздан өтінімдер мен арыздар беру және басқа да қажетті әрекеттерді орындау құқығы болуы қажет. Сіздің атыңыздан сенімді тұлғаның қандай операциялар жасауға құқығы бар екенін көрсету өте маңызды. Мысалы, нөмірді ресімдеу/қайта ресімдеу, SIM-картаны ауыстыру, жойылған нөмірді қалпына келтіру, тіркелгі деректерді өзгерту, есепшот алу, шартты бұзу (қаражат алу құқығымен немесе онсыз).
Егер қызмет көрсету кеңсесіне сенімхатпен тек сенімді тұлға ғана келсе, біз Сізбен бейнеқоңырау арқылы байланысып, жеке басыңызды растауды және берілген сенімхаттың түпнұсқалығын тексеретін боламыз. Сенімхат расталмағанша, біз қызмет көрсетуден бас тартамыз.
Сенімхаттағы ұсынылған тұжырымдар
| Қызмет түрі | Сенімхаттағы өкілеттіктер бойынша ұсынылатын тұжырымдар |
| Нөмірді ресімдеу | «КаР-Тел» ЖШС-інде абоненттік нөмірлерді менің деректеріме ресімдеу (тіркеу) сұрақтары бойынша менің мүдделерімді білдіру. Осыған байланысты, оған ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт(тар) жасасуға, SIM-карталар/eSim алуға, менің атымнан кез келген өтініштерді, оның ішінде жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімді беруге, қажетті анықтамалар мен басқа да құжаттарды беруге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырмаларды орындауға байланысты барлық іс-әрекеттер мен ресмиліктерді орындауға құқық беремін. |
| Нөмірді қайта ресімдеу | «КаР-Тел» ЖШС-інде абоненттік нөмірлерді қайта ресімдеу сұрақтары бойынша менің мүдделерімді білдіру. Осыған байланысты, оған менің деректеріме тіркелген абоненттік нөмірлерді өз қалауы бойынша кез келген үшінші тұлғаларға қайта ресімдеуге, менің атымнан кез келген өтініштерді беруге және қол қоюға, қажетті анықтамалар мен басқа да құжаттарды беруге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырмаларды орындауға байланысты барлық іс-әрекеттер мен ресмиліктерді орындауға құқық беремін. |
| SIM-картаны ауыстыру | «КаР-Тел» ЖШС-інде абоненттік нөмірлердің SIM-карталарын ауыстыру сұрақтары бойынша менің мүдделерімді білдіру. Осыған байланысты, оған SIM-карталар/eSim алуға, менің атымнан кез келген өтініштерді беруге және қол қоюға, қажетті анықтамалар мен басқа да құжаттарды беруге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырмаларды орындауға байланысты барлық іс-әрекеттер мен ресмиліктерді орындауға құқық беремін. |
| Жойылған нөмірді қалпына келтіру | «КаР-Тел» ЖШС-інде абоненттік нөмірлерді менің деректеріме қалпына келтіру сұрақтары бойынша менің мүдделерімді білдіру. Осыған байланысты, оған ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт(тар) жасасуға, SIM-карталар/eSim алуға, менің атымнан кез келген өтініштерді, оның ішінде жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімді беруге, қажетті анықтамалар мен басқа да құжаттарды беруге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырмаларды орындауға байланысты барлық іс-әрекеттер мен ресмиліктерді орындауға құқық беремін. |
| Тіркелгі деректерді өзгерту | «КаР-Тел» ЖШС-інде абоненттік нөмірлер бойынша тіркелгі деректерді өзгерту сұрақтары бойынша менің мүдделерімді білдіру. Осыған байланысты, оған менің атымнан кез келген өтініштерді беруге және қол қоюға, қажетті анықтамалар мен басқа да құжаттарды беруге, менің орынма қол қоюға және осы тапсырмаларды орындауға байланысты барлық іс-әрекеттер мен ресмиліктерді орындауға құқық беремін. |
| Есепшот алу | «КаР-Тел» ЖШС-інде менің деректеріме тіркелген кез келген абоненттік нөмірлер (немесе нақты бір нөмірді жазу) бойынша __бастап __дейін алынған байланыс қызметтері үшін есепшот алу сұрақтары бойынша менің мүдделерімді білдіру. Осыған байланысты, оған алынған байланыс қызметтері бойынша мәліметтер, есепшот алуға, менің атымнан кез келген өтініштерді беруге және қол қоюға, қажетті анықтамалар мен басқа да құжаттарды беруге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырмаларды орындауға байланысты барлық іс-әрекеттер мен ресмиліктерді орындауға құқық беремін. |
| Шартты бұзу | «КаР-Тел» ЖШС-інде ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарттарын бұзу сұрақтары бойынша менің мүдделерімді білдіру. Осыған байланысты, оған менің деректеріме тіркелген абоненттік нөмірлер бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарттарын бұзуға, жеке шоттағы (теңгерімдегі) қалған қаражатты алуға, менің атымнан кез келген өтініштерді беруге және қол қоюға, қажетті анықтамалар мен басқа да құжаттарды беруге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырмаларды орындауға байланысты барлық іс-әрекеттер мен ресмиліктерді орындауға құқық беремін. |