Сіз қоңырау шалған абоненттің телефонына сол жайлы хабарлама келеді, солай ол Сіздің хабарласқаныңызды біледі.
Қанша төлеу керек?
| Құны | 0 ₸ | |
Ешқандай қосымша төлем жоқ, өйткені әр қоңырауға баға жетпес!
Қоңырау туралы хабарлама Сіз қоңырау шалған адамға мына жағдайларда да келеді:
- қоңырау шалатын минуттар таусылғанда;
- қоңырау шалуға қаражат жеткіліксіз болғанда;
- Сіз хабарласқан абонент бос емес болса;
- Сіз хабарласқан абонент желіде болмаса;
- қоңырау шалып жатып, айнып қалғанда.
Болашақта клиенттер микроқоңырауларды өз бетінше қоса және өшіре алсын деп, сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Егер Сіз қызметті өшірген болсаңыз, микроқоңыраулар Сіздің нөміріңізден басқа абоненттерге келмейді.
Бұл ретте Сізге келетін микроқоңыраулар өшірілмейді — бұл қоңырау шалып тұрған адамдардың нөмірлеріндегі баптау (нөмір иелері өз мобильді операторына хабарласып, қызметті өздерінде өшіруі керек).