Артқа
ЭкстраSIM L
Интернет
30 ГБ
Қоңырау соғу
Шексіз
Beeline-ға
250 мин
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге
Төлемге:
2490 ₸/ай

Қосымша нөмірдің құны «Үйдегі интернеттің» негізгі абоненттік төлеміне қосылады. 
Әр айдың бірі күні 00:00 – 03:00 аралығында «Үйдегі интернет» логинінен алынады.

Егер негізгі абоненттік төлем алынбаса, мобильді байланыс абоненттік төлем алынбаған кездегі тарифпен есептеледі, ал «Үйдегі интернет» пен телевизия (егер топтамада болса) бұғатталады. Жеткілікті сомаға толтырылған соң, үйдегі интернет пен телевизия бірден айдың соңына дейін қолжетімді болады және мобильді нөмірлерге интернет-топтама мен минуттар топтамасы аударылады.

6 ай қолданылмаса, логин жойылады да, топтамаға қосылған мобильді нөмірлер «Қарапайым» тарифіне ауыстырылады. Қызметті кез келген уақытта жаңартуға болады. Толық ақпарат мына жерде.

Топтама қалдығын тексеру:*106#
Абоненттік төлем алынбаса немесе топтама бітсе:
Beeline нөмірлеріне қоңырау шалу
18 тг/мин
ҚР-дағы басқа мобильді және қалалық нөмірлерге қоңырау шалу
18 тг/мин
Негізгі абоненттік төлем алынбаса немесе тарифтің интернет-топтамасы мерзімінен бұрын бітіп қалса, кездейсоқ шығындардың алдын алу үшін, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны
Beeline нөмірлеріне SMS жіберу18 тг/SMS
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге SMS жіберу18 тг/SMS

Сіз қызметтердің біржолғы топтамасын бөлек сатып ала аласыз:

- Интернет
- Минуттар және SMS

1. Үйдегі интернеті бар тарифке қолданыстағы Beeline нөмірін де, жаңа нөмірді де оңай қосуға болады (оны жақын жердегі кеңседен немесе Janymda қосымшасы арқылы сатып алыңыз). Сондай-ақ қазақстандық басқа мобильді оператордағы нөмірмен де ауысуға болады. Толық ақпарат мына жерде.
2. «Үйдегі интернеттің» мобильді байланысы бар тариф жоспары қосылған логині жеке тұлғаға тіркеледі. Бұл ретте мобильді нөмірлер мен логин жеке-жеке адамға(жеке тұлғаға) тіркелсе де болады.
3. «Үйдегі интернет» қызметіне қосылғанда, мобильді нөмірдің иесі ағымдағы тарифінің «Үйдегі интернет» қызметіндегі таңдаған тарифіне ауысатынан келісім беруі тиіс. Бұл ретте абоненттік төлем тек «Үйдегі интернет» логинінен бір сома болап алынады. 
4. Мобильді нөмірлерге «Үйдегі интернет» қызметінің таңдалған тариф жоспары қосылады.
5. Тарифтегі кез келген өзгерісті логин иесі реттей алады.
6. «Үйдегі интернет» қызметінің тариф жоспары тобынан бір немесе бірнеше мобильді нөмірді өзгерткенде немесе шығарғанда, ол нөмірлер абоненттік төлемі жоқ «Қарапайым» тарифіне ауыстырылады. Содан кейін осы нөмірлердің иесі басқа тарифті өз бетінше таңдап, қоса алады, толық ақпарат мына жерде.
7. Роумингті және тарифке кірмейтін басқа да біржолғы қызметтерді нөмірлердің иесі өз бетінше қосып, өз теңгерімінен төлейді. 

Телефоныңызды модем/ Wi-Fi қосылу нүктесі режимінде пайдаланып, интернетті оңай таратуға болады. 
Тариф жоспарының шарттары Қазақстан Республикасының аумағында толық әрекет етеді. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызметтер роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша есептеледі. 
Тариф жоспарында «Байланыста бол!» қызметі қосылған – Сіз жауап берілмей қалған қоңыраулар, келген дауыстық хабарламалар туралы тегін SMS аласыз, дауыстық хабарламаларды дауысты поштаның 6600 нөмірінен тыңдай аласыз (қоңыраудың құны — 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз.

Тарифте «Гигабайт сыйла» және «Минуттарды гигабайттарға айырбаста» қызметтері бар. Олар достар мен жақындарға гигабайт сыйлауға, сондай-ақ минуттарды гигабайттарға 10 минут 1 ГБ-ға тең бағамымен қосымша төлемсіз ауыстыруға мүмкіндік береді. «Менің Beeline-ым» қосымшасының «Интернет» және «Қоңырау шалу» бөлімінже трафик сыйлау, айырбастау өте оңай.
* - Сіз мұрағаттық тариф жоспарыңызға қосымша нөмірлерді (жеке немесе жақындарыңыздың) қоса аласыз. Назар аударыңыз: қазіргі тариф қатарында, сондай-ақ BeeHome+, BeeHome+TV, «Мега Премиум+», «Премиум Отбасы 3+» және «Премиум Отбасы 5+» мұрағаттық тариф жоспарларында нөмір қосу мүмкін емес.