Артқа
Ұйықтатпас интернет
Қызметтің сипаттамасы

Түнімен интернетте отырасыз ба? 00:00–07:00 аралығында шексіздік қосыңыз

 

Абоненттік төлем 00:00–03:00 аралығында алынады. Егер төлем алынатын күні теңгеріміңіздегі қаражат жетпейтін болса, қызмет бұғатталады. Түнде трафик тарифіңіз бойынша шығындалады. Теңгерімде ең кемі 490 теңге болғанда, қызмет қайта іске қосылады.

Төлемге:
490 ₸/апта

Қосу
Janymda-да
Өшіру
Janymda-да
ГБ тексеру
Janymda-да

Егер Сізде келесі қызметтер немесе тарифтер қосылған болса, «Ұйықтатпас интернет» қызметін қосу мүмкін емес:
•    шексіз интернеті бар тариф;
•    «Көп Болады» қызметі;
•    «Шексіз әлжелілер» қызметі;
•    «Түнгі шексіздік» қызметі.

Қызметтің қолжетімділігін Janymda қосымшасында білуге болады.

Теңгерімде қаражат, тарифіңізде ГБ болса ғана қызметті пайдалана аласыз.

Қызмет роумингте жұмыс істемейді.

Қызмет дұрыс жұмыс істеуі және 00:00 кейін Сізден күтпеген гигабайттар мен қаражат кетпеуі үшін, смартфонда әуережимін өшіріп-қосып көріңіз.

Ол барлық белсенді интернет-сессияны үзеді де, содан соң трафик негізгі интернет-топтамадан шығындалмайтын болады.