Артқа
Шексіздік М+ Архив
Смартфон мен LTE Wi-Fi модем/роутерге ортақ тариф!

Бір уақытта екі құрылғыдан пайдаланыңыз.

Бұл қалай жұмыс істейді, қараңыз

 

Интернет

тариф жоспары бойынша

Шексіз

 

Қоңырау соғу

Beeline-ға

Шексіз

ҚР-дағы басқа мобильді

250 мин

 

SMS

ҚР-дағы кез келген мобильді нөмірге

250 SMS

 

Тарифке +1 нөмір

 

+ Супербонус: Kino және BeeTV Free

 

LTE Wi-Fi роутер жоқ па?

 

Теңгеріміңізді Simply-ға тіркеңіз!
Төлемге
8990 ₸/ай

Абоненттік төлем 8990 тг /ай
бірден 2* құрылғыға
Қосымша нөмір қосу0 тг

 

* Тарифті басқа құрылғымен бірге пайдалану міндетті емес. Тек роутерде қолдана беруге болады, бұл ретте абоненттік төлем өзгермейді. 

 
 
Бағалар ҚҚС ескеріп көрсетілген, егер ол өзгерсе, қайта қаралуы мүмкін.

1. «Шексіздік М+ Архив » тарифін смартфондағы нөмірге қосыңыз.

2. LTE Wi-Fi модем/роутердің SIM-картасының нөмірін жалпы тарифке қосуға сұрауыңызды жіберіңіз. Ол үшін өз смартфоныңыздан «Janymda» қосымшасына кіріңіз де, бас парақшада жасыл батырманы басыңыз. 

3. LTE Wi-Fi модем/роутердің нөмірінен тарифке қосылатыныңызды растаңыз. Ол үшін:
- смартфон/ноутбукті LTE Wi-Fi модем/роутердің желісіне қосыңыз;
- смартфон/ноутбук браузерінде келесі мекенжайды жазыңыз: http://m.home (кілт сөз: admin). LTE Wi-Fi модемді/роутерді басқару интерфейсіне тап боласыз. «Пәрмендер және SMS» бөлімінде 7708 нөмірінен келген SMS-шақыруды табыңыз;
- осы SMS-ке «Иә» деп жауап беріңіз.
Вуаля, «Шексіздік М+ Архив » тарифіңіз енді смартфон мен LTE Wi-Fi модем/роутерге ортақ. Егер смартфонда роутер жиынтығының SIM-картасын қолданатын болсаңыз, бірінші айда шексіз интернет Сіз үшін 0 тг!

Құрылғыларды бір тарифке біріктірудің және оны «Janymda» қосымшасында қалай басқару керектігі туралы толық нұсқаулығы.

«Шексіздік М+ Архив» тарифінде фильмдер мен хикаялар Kino жазылымымен + ТОП-арналарды, және қазақша контентті 0 теңгеге көріңіз! BeeTV мобильді телевизиясы смартфон, планшет не компьютерден қолжетімді.

Қол жеткізу жолы:
1. BeeTV қосымшасын смартфон немесе планшетке жүкте, я болмаса компьютерден https://beetv.kz/сайтына кіріңіз.
Топтаманы SMART TV немесе Android TV-де көру үшін — TV360 қосымшасын орнатыңыз.
2. «Шексіздік М+ Архив» тарифі қосылған SIM-картаңыздың нөмірімен тіркеліңіз. Егер тарифті смартфонмен бірге қолданатын болсаңыз, сол нөмірмен тіркеліңіз – сол аккаунтпен BeeTV-ді басқа құрылғыларда да көре аласыз.
BeeTV-ді қолданып жүрсіз бе? Онда бұрынғы аккаунттан шығып, «Шексіздік М+ Архив» тарифі қосылған SIM-картаның нөмірімен қайта тіркелу керек. BeeTV сайтында көру үшін ұсынылатын браузерлер — Google Chrome мен Mozilla Firefox.
3. https://beetv.kz/сайтына немесе BeeTV қосымшасына кіріп, «Шексіздік М+ Архив» тарифіне» белгісі бар фильмдерді, телехикаяларды және TV-арналарды табыңыз да, рахаттана көріңіз!
Айтпақшы, BeeTV-де көптеген қызық жазылым бар. Олар туралы толық ақпарат алып, тегін байқап көріңіз.
4. «Шексіздік М+ Архив» тарифінің аб.төлемі ұсталса ғана жазылуға болады.
5. BeeTV топтамасын қосуға болатын құрылғылар тізімі: Samsung Smart TV – 2016-2019 жж., LG Smart TV – 2015-2019жж.

Басқа елдерге 49 тг/мин бастап қоңырау соғу үшін «Көршілер» қызметін қосыңыз! Толық ақпарат

Абоненттік төлем ұсталмаса немесе топтама бітіп қалса:                   
Вeeline нөмірлеріне қоңырау соғу
18 тг/мин
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау соғу
18 тг/мин
Тарифтің барлық қатысушысында интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады
Beeline нөмірлеріне SMS жолдау18 тг/SMS
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге SMS жолдау
18 тг/SMS
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтер құны:

Қалалық нөмірлерге қоңырау соғу

18 тг/мин

1. 200 ГБ трафик шегіне жеткен соң, негізгі нөмірдегі интернет жылдамдығы 256 кбит/с дейін төмендейді, қосымша нөмірде интернет бұғатталады. Жылдамдықты қалпына келтіру үшін, тариф жоспарын қайта қосатын *355#  пәрменін пайдалана аласыз, бұл ретте ай сайынғы 7990 теңге абоненттік төлем қайта ұсталады.

2. Тарифте минуттардың, SMS пен ГБ-ның біржолғы және қосымша топтамалары берілмейді.

Абоненттік төлем күнтізбелік айға қарамастан айына 1 рет ұсталады. Мысалы, абоненттік төлем 5 қаңтарда төленсе, келесі төлем мерзімі – 5 ақпан.    

Абоненттік төлем 00:00-ден 03:00-ге дейін ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім жеткілікті сомаға толтырылған соң, абоненттік төлем толық ұсталып, 1 айға жарамды минуттар мен SMS топтамасы беріледі.     

Бұл тарифте, кейбір қолданушы Beeline желісіндегі мобильді интернет жылдамдығын азайтпауы үшін, Әділ пайдалану саясаты әрекет етеді.

Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасында толық әрекет етеді.Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тарифтелу роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша есептеледі.