тариф жоспары бойынша
Шексіз
Beeline нөмірлеріне
Шексіз
басқа елге
30 мин
ҚР-дағы барлық мобильді нөмірге
300 SMS
| Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу | Шексіз | |
| ҚР-дағы басқа мобильді нөмірлерге және Ресейге (Beeline), Қырғызстанға (Beeline), Украинаға (Киевстар), Қытайға (барлық нөмір) | 300 мин | |
| Жерсерік байланысынан басқа халықаралық нөмірлерге қоңырау соғу | 30 мин | |
| Қазақстандағы кез келген нөмірге SMS жолдау | 300 SMS | |
| Интернет-топтама | Шексiз | |
| Интернетті тегін тарату | ||
| Топтамалардың қалдығын тексеру | *106# | |
| Топтамаларды шұғыл қалпына келтіру | *355# | |
| Абоненттік төлем Айдың 1-жұлдызына қарамастан айына бір рет ұсталады | 7490 тг/айына | |
Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама белсендіріледі Егер айлық және апталық негізгі абоненттік төлемдер ұсталмаса, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тарифтелу қолданылады. | 199 тг/тәулігіне | |
| Абоненттік төлем ҰСТАЛМАҒАН жағдайда немесе топтама таусылғанда: | ||
| Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу | 11 тг/мин | |
| Басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне қоңырау соғу | 14 тг/мин | |
| Қалалық нөмірлерге қоңырау соғу Қалалық нөмірлерге тиімді қоңырау соғу үшін «Қалалық нөмірлерге қоңырау соғуға» бөліміндегі топтамалардың бірін қосыңыз | 18 тг/мин | |
| Халықаралық қоңырау соғу, абоненттік төлем ұсталмаған жағдайда | Тарифтер | |
| Интернет | 1 тг/МБ | |
| Халықаралық қоңырау соғу, топтама таусылған жағдайда | «Көршілер» қызметі | |
| Beeline нөмірлеріне SMS жолдау | 9 тг/SMS | |
| ҚР-дағы басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне SMS жолдау | 15 тг/SMS | |
| Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны: | ||
1.*355# қысқа пәрменін теру арқылы ай сайынғы барлық топтаманы қалпына келтіре аласыз.
Пәрмен тарифтік жоспарға кіретін қызметтердің барлық топтамасын қалпына келтіреді. Пәрменді термес бұрын, теңгеріміңізде тарифтік жоспардың негізгі абоненттік төлемін ұстауға қаражат жететініне көз жеткізіңіз.
2. Немесе қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:
- Минуттар және SMS
Ресейге (Beeline), Қырғызстанға (Beeline), Украинаға (Киевстар) және Қытайға (барлық нөмір ) халықаралық қоңырау соққанда, бірінші кезекте ҚР нөмірлеріне арналған 300 минут «Көршілер байланыста» акциясы бойынша пайдаланылады. Содан соң, басқа елдерге халықаралық қоңырау соғуға арналған 30 минуттық топтама жұмсалады.
Халықаралық қоңырауларға арналған 30 минут жерсерік бағыты мен премиум нөмірлерден басқа барлық бағытқа пайдаланылады. 30 минут біткен соң, 70 елге соғылған қоңыраулардың тарифтелуі «Көршілер» қызметінің шарттарына сай жүреді.
Өзбекстанға қоңыраулар минутына 25 теңгеден. Күніне 11-ші минуттан бастап, қоңырау құны – минутына 35 тг. Толық ақпарат
Бұл тарифте «Әділ пайдалану саясаты» бар. Ол кейбір қолданушының Beeline желісіндегі мобильді интернет жылдамдығын нашарлатпауы үшін керек.
Трафикті шамадан тыс тұтыну қосымша жүк түсіріп, басқа абоненттерде мобильді интернеттің жылдамдығын азайтады. Ондай жағдайда жылдамдықты азайту желінің жүктемесін тең бөліп, басқа қолданушыларға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
«Әділ пайдалану саясаты» бойынша, 200 ГБ интернет-трафигін пайдаланған соң, жылдамдық 256 Кбит/с дейін азаяды.
*355# пәрменін теріп, тарифті қайта қосу арқылы жылдамдықты қалпына келтіре аласыз. Абоненттік төлем қайта алынып, қызметтер топтамасы жойылады да, қайта толтырылады.
Абоненттік төлем күнтізбелік айға қарамастан айына 1 рет ұсталады. Мысалы, абоненттік төлем 5 қаңтарда төленсе, келесі төлем мерзімі – 5 ақпан.
Интернет-топтаманың, минуттар мен SMS-тердің қолданылмаған қалдығы жойылады, келесі кезеңге көшірілмейді, сондай-ақ басқа тарифтік жоспарға ауыссаңыз да дәл солай.
Абоненттік төлем сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім абоненттік төлемге жететін сомаға толтырылғанда абоненттік төлем толық ұсталып, 1 айға жарамды интернет-топтама, минуттар мен SMS-тер топтамасы беріледі.
Егер интернет-топтамада 15 мегабайттан аз қалса, теңгерім әр ашық сессия үшін резервтеліп, интернет сессияның төлемі нөміріңіздің негізгі теңгерімінен ұсталады.
Абоненттік төлем дұрыс ұсталуы үшін және әдепкі құн бойынша тарифтелудің алдын алу үшін, айлық абоненттік төлем ұсталар алдында, мобильді деректерді өшіріп қоюға кеңес береміз.
Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасының барлық жерінде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тарифтелу роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша есептеледі.
SIM-картаны модемде немесе роутерде қолдансаңыз, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.
Тарифтік жоспарда «Байланыста бол!» қызметі қосылған – Сіз жауап бере алмай қалған қоңырауларыңыз бен келген дауыстық хабарламалар туралы SMS хабарлама аласыз, дауыстық хабарламаларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңырау құны – 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз.