Басшының тариф жоспарының абоненттік төлемі мен әр қосылған нөмір үшін қосымша төлем (егер ол Басшының тариф жоспарында қарастырылса) алынса ғана Қатысушы ортақ топтаманы пайдалана алады.
Басшының тариф жоспарының абоненттік төлемі мен әр қосылған нөмір үшін қосымша төлем (егер ол Басшының тариф жоспарында қарастырылса) алынбаса, Қатысушылар өз теңгеріміндегі қаражатты «Қарапайым (Отбасы ортасы)» тариф жоспарының шарттарымен пайдаланады.
Басшы Қатысушы шалған қоңыраулардың есебін, ал Қатысушы Басшының шалған қоңыраулардың есебін көре алмайды. Бұл ретте, Басшы өз топтамасынан Қатысушының пайдаланған шығынын көре алады.
Басшы «Менің Beeline-ым» қосымшасында өз тариф жоспарынан Қатысушыны кез келген сәтте ажырата алады. Сондай-ақ Қатысушы да Басшының тариф жоспарынан шыға алады.
Қатысушыға басқа тариф жоспарға ауысу керек болса, алдымен «Менің Beeline-ым» қосымшасында Басшының тариф жоспарынан шығып, қосуға болатын басқа кез келген тарифті таңдауы керек.
Тариф жоспарының және/немесе оның шарттарының мерзімі шекті болуы мүмкін. Мысалы, «Премиум отбасы» тариф жоспарының шарттары қосылған сәттен бастап 12 ай әрекет етеді. Яғни, оператор көрсетілген мерзімді ұзартпаса, басшының тарифі тиісті «Стандарт» тариф жоспарына ауыстырылады, ал Қатысушылардың нөмірлері «Қарапайым «Отбасы ортасы» тариф жоспарында қалады. Сізге алдын ала хабарланады да, содан соң, қаласаңыз, сайтта немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасында қолжетімді тарифке ауыса аласыз. Егер қосылатын болса, бұрынғы тариф жоспарыңызды қайта аласыз.