Артқа

Ресейдегі роумингке шектеулер 

07.10.2025

06.10.2025

2025 жылдың 6 қазанынан бастап Ресейге кірген кезде жергілікті желіге алғаш тіркелгеннен кейін роумингтегі интернет пен SMS 24 сағатқа бұғатталады. Шектеулерді Ресей операторлары қойған.

Нені білген жөн:

– 24 сағат өткен соң интернет пен SMS автоматты түрде қалпына келеді;

– дауыс қоңыраулары жұмыс істейді. Сіз оларды әдеттегідей қабылдап және хабарласа аласыз.

Бұғатты бірден шешу үшін:

Ресейлік Билайн немесе МТС желісіне қосылыңыз, осы операторлардың біреуінен SMS арқылы келген нұсқаулықты орындаңыз.

Байланыста болу үшін:

30 минуттық қоңыраулар пакеті мен шексіз интернеті бар «СуперВиза М» қызметін қосуды ұсынамыз. Толығырақ мына жерде.

Жаңалықтарды бақылап отырыңыз — Ресейдегі роуминг жайлы барлық өзекті ақпарат біздің сайтта жарияланады.