Артқа
Бәрі 5990 архив
Интернет

тариф жоспары бойынша

20 ГБ

 

Қоңырау соғу

Beeline нөмірлеріне

Шексіз

ҚР-дағы басқа мобильді нөмірлерге

240 мин

 

SMS

Beeline-ға SMS бонуспен

240 SMS

 

+ Супербонус: BeeTV Free

 

Минуттарды гигабайттарға ауыстыру

 

Шексіз түнгі интернет
Төлемге
5990 ₸/ай

Интернет-топтама бонуспен20 ГБ
Beeline-ға қоңырау шалуШексіз
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу бонуспен240 мин
Beeline-ға SMS бонуспен240 SMS

Абоненттік төлем 
Айына бір рет ұсталады
5990 тг

Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама белсендіріледі.

Егер және апталық негізгі абоненттік төлемдер ұсталмаса, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тарифтелу қолданылады.

390 тг тәулігіне
 
Бағалар ҚҚС ескеріп көрсетілген, егер ол өзгерсе, қайта қаралуы мүмкін.

  • Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама өздігінен қосылады. Күн сайынғы топтаманың ақысы қосылған сәтте ұсталады. Күн сайынғы қызметтер көлемі берілгені туралы SMS-хабарлама аласыз. Егер теңгерімде қаражат жеткілікті болса, күн сайынғы абоненттік төлем түнгі сағат 00:00 – 03:00 аралығында ұсталады. Егер қаражат жетпейтін болса, шот келесі толтырылған кезде күн сайынғы топтаманың ақысы тек түнгі уақытта ұсталады.
  • SIM-карта қосылған бірінші күні немесе тарифтік жоспарды ауыстырғанда, қаражат негізгі абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, күн сайынғы топтама қосылмайды.
  •  
  • Күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған жағдайда, келесі қызметтер көлемі беріледі:
     

Абоненттік төлем ұсталмаса немесе топтама біткенде:
Beeline-ға қоңырау шалу
18 тг/мин
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу
18 тг/мин

Абоненттік төлем ұсталмаған кезде интернетке қосылу.

Интернет-топтама бітіп қалса, кездейсоқ шығындардың алдын алу үшін, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.

1 тг/МБ
 
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны:
Қалалық нөмірлерге қоңырау шалу
18 тг/мин
Beeline-ға SMS жолдау
18 тг/SMS
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге SMS жолдау
18 тг/SMS

1.*355# қысқа пәрменін теру арқылы ай сайынғы барлық топтаманы қалпына келтіре аласыз.

Пәрмен тариф жоспарына кіретін барлық қызмет топтамасын ақалпына келтіреді. Тариф бойынша жұмсалмаған қалдықтар сақталмайды. Пәрменді пайдаланбас бұрын, теңгеріміңізде тарифтің негізгі абоненттік төлемін ұстауға жететін сома бар екеніне көз жеткізіңіз.

2. Немесе қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:

 - Интернет
 - Минуттар және SMS

Көршілер қызметі. Жақын және алыс шет елдің 80+ еліне қоңырау шалу 15тг/мин бастап.

Топтамалардың қалдығын тексеру: *106#

Тарифтік жоспар топтамаларын мерзімінен бұрын қалпына келтіру пәрмені *355#.

Пәрмен «Күн сайынғы топтама» режимінде қосылмайды. Пәрмен барлық қызметтер топтамасын, соның ішінде «Жақын елдер» қызметін, егер ол болса, қалпына келтіреді. Пәрменді қолданбас бұрын, теңгеріміңізде тарифтік жоспардың абоненттік төлемін ұстауға қаражат жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.

Абоненттік төлем күнтізбелік айға қарамастан, айына 1 рет ұсталады. Мысалы: абоненттік төлем 5 қаңтарда ұсталса, келесі мерзім – 5 ақпан.

Интернет-топтаманың, минуттар мен SMS-тердің қолданылмаған қалдығы жойылады, келесі кезеңге көшірілмейді, сондай-ақ басқа тарифтік жоспарға ауысқан жағдайда да жойылады.

Абоненттік төлем сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім жеткілікті сомаға толтырылғаннан кейін, абоненттік төлем толық ұсталып, 1 айға жарамды интернет-топтама, минуттар мен SMS-тер топтамасы беріледі.

Егер интернет-топтамада 15 мегабайттан аз қалса, мегабайттар әрбір ашық интернет-сессия үшін резервтелуі мүмкін, мұндай жағдайда сессияның төлемі нөміріңіздің негізгі теңгерімінен ұсталады.

Абоненттік төлем дұрыс ұсталуы үшін және әдепкі құн бойынша тарифтелудің алдын алу үшін, айлық абоненттік төлем ұсталар алдында, мобильді деректерді өшіруге кеңес береміз.

Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасында толық көлемде әрекет етеді.

Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тарифтелу роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша жүреді

Тарифтік жоспарда «Байланыста бол!» қызметі қосылған – сіз жауап берілмей қалған қоңыраулар мен келген дауыстық хабарламалар туралы SMS хабарламаны тегін аласыз, дауыстық хабарламаларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңырау құны 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз.